Қазақстанға Qatar Airways ұша бастайды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ашық аспан» режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстанға Qatar Airways ұша бастайды

Катар астанасы Дохада Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді. Катар делегациясын Катар Азаматтық авиация әкімшілігінің президенті Абдулла Насер Турки Аль-Субай мырза басқарса, ал қазақстандық тарапқа ҚР ІІДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев жетекшілік етті. Келіссөздерге Қазақстан Республикасының Катардағы елшісі Асқар Шоқыбаев, Qatar Airways, «Эйр Астана», Алматы әуежайының өкілдері қатысты.

Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына 7 рейс, Алматы мен Доха арасында аптасына 7 жолаушы және 7 жүк рейсі, сондай-ақ Қазақстанда енгізілген 5-ші «әуе еркіндігін» ұсынатын «ашық аспан» тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді.

Qatar Airways әуекомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Атти мырзаның ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейстер биылғы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді.