Шымкенттегі екі жұмысшыны топырақ басып қалған оқиғаның себебі анықталды

Шымкент қаласы әкімдігі қазған шұңқыр опырылып, екі жұмысшы қаза  болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Шымкенттегі екі жұмысшыны топырақ басып қалған оқиғаның себебі анықталды
Фото: Шымкент қалалық ТЖД-нен

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиғаға «Югстройсервис-Н» ЖШС мердігерінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болған.

Сондай-ақ, ведомство өкілі оқиға Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында болғанын айтты. Қазаншұңқырды 9 қабатты үш үйдің құрылысы үшін қазған. Тапсырыс беруші - қалалық құрылыс басқармасы. Жұмыстың конкурстық құны - 1 миллиард 982 миллион 821 мың теңге. Нысан құрылысы 8 қазанда басталып, 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұған дейін Шымкентте оқыс оқиға салдарынан екі адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.