Жанармай бекеті өртеніп жатыр

Алматыда жанар-жағармай құю бекеті өртеніп жатыр.

Жанармай бекеті өртеніп жатыр
Фото: Интернеттен алынды

Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген фотолар мен видео жариялап жатыр. Онда жанармай бекетінің маңынан қара түтін шығып жатқанын көруге болады. Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, «Петрол Азия» жанармай бекетінде өрт шыққан. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 10:32-де сөндірілді.