Нұр-Сұлтанда дабыл қағылады

Бүгін таңғы сағат ондар шамасында Нұр-Сұлтанда дабыл қағылады. Әкімдік жұртты бұған дайын болуға шақырды.

Нұр-Сұлтанда дабыл қағылады
Фото: Интернеттен алынды

Тұрғындарға хабарландыру жүйесінің тексерілуіне байланысты дабыл қағылатыны туралы ескертілді.

Іkomek 109 бірыңғай байланыс орталығы: «14 қараша күні 9 сағат 55 минут шамасында хабарландыру жүйесі тексеріледі. Электр сигналдар іске қосылатынын ескертеміз. Мамандар теле және радио тарату арналарынан автоматты түрде хабар беріп, жүйенің жұмысын тексермек. Сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауға шақырамыз!» – деп хабар таратты.