Ақтау: Жаңажылдық шырша, ойыншыққа 37 миллион теңге бөлінді

Ақтауда жаңажылдық шыршаны орнатуға 37 миллион теңге бөлінді.

Ақтау: Жаңажылдық шырша, ойыншыққа 37 миллион теңге бөлінді
Фото: Интернеттен алынды

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевтың айтуынша, былтырдан қалған шыршаның жарайтын ойыншықтарын биыл да іледі.

«Бұл сомаға бәрі кіреді. Атап айтқанда, шыршаны сатып алу, оны безендіру, ілетін ойыншықтары бар. Былтырдан қалғандарын да қолданамыз. Өткен жылы бюджеттен тыс 7 миллион теңгеге гирляндалар сатып алған едік. Бұл жабдықтың 70 пайыздан астамы сақталған, яғни олар да пайдаға жарайды», - деді Қайрат Ақыбаев.

Биыл жаңажылдық шырша қаланың үш жеріне орнатылады. Мемлекеттік сатып алу конкурсын биыл «Керуен Фараб сауда» ұтып алған. Компания барлық жұмысты 21 миллион теңгеге жасап беруді жоспарлауда.