Зерек жастың пластиктен кірпіш жасауы – жетістік

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 178

Елімізде түрлі пәндерге  қызығушылығы  ел экономикасына, экологиясы мен технологиясына заманауи серпін әкелетін жаңалықтар ашып, таңғалдырып жатқан жастар көп. Жастардың, әсіресе экология мәселесін шешуге ден қойып, табиғатты сақтауға деген ниеті олардың жер бетін қоқыстан тазартуға арналған түрлі тәсілдер ойлап табуы  – қуантарлық жайт. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ермек Кеңесовтің химияны меңгеру барысында құрылысқа қажет кірпіштің жаңа тәсілін ойлап табуы да халықтың қолдауына ие болып отыр.

Зерек жастың пластиктен кірпіш жасауы – жетістік

– Бұл жобаны зерттеу үстін­де БҰҰ-ның деректері бо­йынша пластикалық қал­дық­тар жыл сайын әлем­де 1 миллионнан астам құс­тардың өліміне, 100 мың­ға жуық судағы сүтқоректілер мен балықтардың жойы­луына себепші болатынын анықтадым. Пластикалық пакеттер Тынық мұхитында қоқыстардың аралына айналып барады. Мұның барлығы антропогендік әрекеттердің салдарынан туындайтыны шындық, – дейді Ермек Кеңесов.

Жас өнертапқыштың айтуын­ша, мұндай жағдайдан шығудың жолы –пласти­калық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кері қолдану. Ермек өз тәжірибесін іс жү­зінде дәлелдеу үшін кәдім­гі қиыршық тас, топырақ және пластмассалық қалдықтарды пайдалана отырып, пласт­кірпішті жасап шығарды. Алдымен ол өнім­нің эконо­микалық тиім­ділігін анықтау мақсатында полимердің адди­тивтік және конден­са­ция­лық қасиеттерін физика мен химия пәнінде зерттеген. Сондай-ақ көптеген дерек­ті интернет және дәстүрлі әдебиеттерден іздегенін айта­ды. Кейін пластмас­са­ларды бөлшектеу үшін тіпті қатты картоннан гидрав­ли­калық аппарат жасағанын айтты. Тәжірибенің соңында пласткірпіш дайын болып, жобаның жұмысы сәтті аяқ­талды. Алғашқы өнім на­рықтағы кірпіштен кем емес. Себебі оның тығыз­ды­ғы, су­ды сіңіруі және аязға тұ­рақ­­тылығы талапқа жауап береді.

Зеректігімен танылған оқушы Ермек пласткірпішті көптеп шығару үшін өндіріс ашуға ниетті. Ол үшін мектеп оқушысы арнайы бизнес-жоспар құрып, кірістер мен шығыстарды есептеп қойған.


Жас ізденімпаз өнертап­қыштың айтуынша, пласти­ка­лық қалдықтарды қайта өң­деу – нарықтағы пластмас­са­лық өндірісті азайтудың ең тиімді жолы және эколо­гия­лық апаттан болатын жағ­дай­лардың алдын алуға тиім­ді жоба.

Сайып келгенде, зерек­ті­гі­мен танылып, өз тәжіри­бе­ле­рімен таңғалдырып қана қоймай, өнімдерін өндірісте шығаруға ниетті жастарды мемлекет тарапынан қолдау болса, елімізде жас өнертап­қыш­тардың қатары көбейіп, жас ғалымдар өз еңбектері­мен танылары сөзсіз.


Атырау облысы

Тақырып бойынша материалдар