Алматы апортының бір жылдық қоры Ресей мен БАӘ-не сатылып кетті

Ресей мен БАӘ Алматы апортының бір жылдық қорын сатып алды,– деп мәлімдеді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы арнайы баспасөз мәслихатында.

Алматы апортының бір жылдық қоры Ресей мен БАӘ-не сатылып кетті
© фото:zhetysu.gov.kz

«Бізге әйгілі Алматы апортын қайта оралту қажет болды, біз оны екі мың гектардан астам жерге егіп, қайта оралттық. Апорттың құрамы 7 жылдан кейін жеміс беретін Сиверс алмасына негізделген, – деді А.Баталов

Аймақтар басшысының айтуынша, алма бағын қалпына келтіруге инвестиция қаржысы тартылды.

«Мен осында келерде бір кәсіпкермен кездестім, ол Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктері кәсіпкерлерімен бағаға қатысты дауласып жатты және менің көзімше ол алмасын қымбат бағаға сатуға келісті. Қазір бұрынғыдай қоймаларда жатып қалатын алма жоқ. Олар толығымен экспортқа шығарылады. Біздің алманың ерекше дәмі мен иісі шетелге танылған», - деді облыс әкімі.