Ақтауда мұнаралы кран құлап, ер адам зардап шекті

Ер адам ес-түссіз күйде облыстық ауруханаға жатқызылған.

Ақтауда мұнаралы кран құлап, ер адам зардап шекті
© Кадр видеодан

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының кезекші пультіне "Батыс" тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары кезінде ер адам жарақат алғаны туралы шақырту келіп түсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам мұнаралы краннан құлап кетті. Шақыруды қабылдау уақыты-15: 55 минут. Зардап шеккен ер адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз бойынша ми комасы», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция бұл фактпен Ақтау полиция басқармасында айналысатынын хабарлады. Тергеу шаралары жүріп жатыр.