Ең ірі жылыжай салынатын болды

Еліміздегі жылыжайлар отанына айналған Түркістан облысында тағы бір ірі жылыжай салынатын болды. Атап айтқанда, жақын уақыттарда Келес ауданында 500 гекктарды құрайтын жылыжайда қызанақ, қияр өнімдері өндірілетін болады.

Ең ірі жылыжай салынатын болды

Келес ауданындағы 500 гектарға жалпы құны 1,1 млрд долларға 500 гектарды құрайтын аумаққа жылыжай кешені салынады. Бұл жөнінде Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында меморандум түзілген болатын.

Түркістан облысының әкімдігі мен «Эко-культура» ресейлік компаниясы арасындағы келісім бойынша жоба 2019-2025 жылдары іске асады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешеніне айналатын қожалықтың өнімдері ТМД мен Еуропа елдеріне экспортталатын болады. Жылыжай кешенінде алдағы уақытта қызанақ, қияр өнімдері өндірілмек.