Атырау – дәулетіне сәулеті сай аймақ

Газет мақаласы Айқын газеті №80

Атырау облысы – еліміздің дамуына серпін беріп, алып жобалар жүзеге асып отырған іргелі аймақ. Республикалық бюджеттің донорына айналған өңір. Азия мен Еуропаны жалғап отырған аймақта өткен жылы құрылыс саласы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл көрсеткіштің дені тұрғын үй құрылысына тиесілі. Құрылыстың алып алаңына айналған аймақта халықтың игілігіне берілген нысандар да көбейіп отыр. Жайық өзенін жағалай қоныстанған қаладағы сәулетті ғимараттар мен алаңдар, елге танымал тұлғалар ескерткіштердің барлығы тарих пен мәдениет, әлеуметті қамтып, халықтың көз қуанышына айналды.

Атырау – дәулетіне сәулеті сай аймақ

Жастар жылының жаңалығы

Жастар – барлық прогрестің қоз­ғаушы күші, еліміздің әлемдік аре­нада бәсекеге қабілеттігінің бас­ты факторы, ұлы даланың дәс­түрі мен салтын келер ұрпаққа жет­­кізер болашағы. Елімізде Жас­­­тар жылының жариялануы Ел­­басының жас буынға арнаған жар­­қын үндеуіне айналды. «Жас­тар жылы» мұнайлы аймақта жас­­тарға арналар игі жобалардың жү­­зеге асуына мүмкіндік берді. Биыл облыс орталығында оқу­шы­лар және жастар сарайы ашы­лады. Құрылыс жұмыстарымен та­нысу барысында төрт қабатты ғимараттың заман талабына сай және сапалы салынып жатқанына куә болдық. Жалпы ауданы 19 мың шаршы метрді, құрылыс учас­кесінің аумағы 3,5 гектарды қам­титын 4 қабаттан тұратын бұл ғимараттың құрылысы өткен жыл­дың соңында басталған. Жос­пар бойынша биылғы жел­тоқ­сан айында пайдалануға бері­ле­ді. «Шеврон» мұнай компания­сы­ның демеушілік қаражатымен, «ARSM» ЖШС-ның мердігерлігі­мен салынып жатқан ғимараттың бірінші қабатында вестибюль, ин­тернет орталық пен медиатека, ком­пьютерлік кескіндеме каби­не­ті, көпфункциялы зал, көрме му­зей, тренерлік тир, 300 орын­дық акт залы, бассейн, 50 адамға арналған асхана, басқа да орындар қарастырылған. Екінші қабатта ағылшын, француз, түрік, қазақ және орыс тілдері, музыкалық-тео­риялық сабақтар өткізу сы­нып­тары, астрономия, ғаламтану кабинеттері, театр студиялары, өзге де өнермен байланысты бө­лімдер орналастырылады. Үшін­шісінде физика, экология, өл­ке­тану пәндік кабинеттері, био­хи­миялық зертхана, жас натуралис­тер үйірмесі, мүсін жасау, бей­не­леу студиялары болады. Төртінші қабат­та жас өрендерді заманауи техникалық мамандықтарға ма­шық­тандыратын сыныптар мен зерт­ханалар болады. Мұнда ба­лалар әуе мен зымыран модельдеу зертханаларында ғылым мен техника әлеміне, кеме модельдеу-ге, компьютерлік техникаға, электр және радиотехникалық зерт­ханаларға, бейне, фотос­ту­дияларға барып, жаңа дағдыларды меңгере алады. «ARSM» құрылыс компаниясының маманы Жәні­бек Шәріповтің айтуынша, құ­рылыс басында 120 адам жұмыс іс­теп жатыр. Ішкі сылақ жұмыс­тары аяқталған, ендігі кезекте ғи­марат сырты сәулеттендіріледі. Бұ­дан соң жаңа ғимарат есігі ай­қара ашылып, оқушылар мен жас­тар сапалы білім, саналы тәр­бие алып, үлкен өмірге жолдама алатын күн туады.

­

«Сасықсайдың» соңғы күндері таяп қалды

Атырау – экология қаупі жа­ғынан алдыңғы орында. Қала ор­талығы аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар қоршаған орта­ны ластаудан алдарына жан сал­май отыр. Жергілікті тұрғындар «Са­сықсай» деп атап кеткен бу алаңы да қауіпті нысанның бірі. Тазартылмаған кәріз суы талай жыл­дан бері жерасты сулары мен то­пырақты, ауаны ластап келді. Жыл­дар бойы жұртшылық тара­пынан айтылған сыни көз­қарас­тар, жанайқай жергілікті атқару­шы билікке жетті. Биыл облыс ор­талығының сол жағалауында жаңа кәріз тазарту кешені іске қо­сылады. Бас кәріз стансасы мен кәріз тазалау нысандарының алаңынан, биологиялық тоғандар мен булану алқаптарынан тұра­тын кешеннің құрылысына қара­жат жеткілікті бөлінген. Жаңа нысанда тәулігіне 70 мың текше метр кәріз суы тазаланады. Аты­рау облыстық құрылыс басқа­р­ма­сының басшысы Мәлік Аманов: «Қаладағы кәріздік желілер осы қондырғыға қосылады. Атырауда бұрын-соңды мұндай тазарту қон­­дырғысы болмаған. Мақ­са­ты­мыз – экологиялық ахуалды жақ­­сартып халықтың денсау­лы­ғын сақтау. Кешеннен техникалық су шы­ғарылады, ал қатты қалдық­тар­дан тыңайтқыш дайындалады» деп жаңа кәріз тазарту кешені пайдалануға берілгенде табиғатқа келетін залал мөлшері едәуір азая­тынын айтты. Соңғы жыл­дары облыс орталығында қолға алын­ған жақсы жобаларды аудан­дарда да жалғастыру дәстүрге ай­налып келеді. Аудан орталық­тарын­да да көпқабатты тұрғын үйлер мен заманауи әлеуметтік ны­сандар салынып жатыр. Со­ның айғағындай, жаңа үлгідегі кәріз тазарту кешені Жылыой ауда­нының орталығы Құлсары қа­ласында, Махамбет, Құрманға­зы, Доссор, Аққыстау ауылдарын­да бой көтереді.

Атыраудағы кешен іске қо­сыл­ғаннан кейін «Сасықсай» жа­былады.

1978 жылы салынып, содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу жүр­гізілмеген булану алаңы ту­ралы шағымдарға нүкте қойылар күн алыс емес. Облыстық әкімдік алдағы уақытта оң жақ жағалаудан да осындай кәріз тазалау жүйесі ке­шені мен тұрмыстық қалдық­тар­ды қайта өңдеу орнын салу жос­парын жасақтап қойды. Сайып келгенде, бұл жаңа нысан­дар ай­мақ экологиясының таза­рып, тұр­ғындар өмірі үшін жайлы болуын қамтамасыз етуге қадам жасамақ.


Исатай-Махамбет алаңында мәрмәр домбыра

Атыраудың көрікті жерлерінің бірі – Исатай-Махамбет атындағы ор­талық алаң. Алаңды қайта жаң­ғыр­тудан өткізу жұмыстары жос­парға сай жүруде. Облыстық құ­рылыс басқармасының басшысы Мә­лік Аманов: «Жаңартылған алаң биыл қазан айында өтетін Қа­ла күні мерекесінде пайдала­ну­ға беріледі», – деп баяндады.

Ел назарын өзіне тартып отыр­ған батырлар атындағы алаң­­да жаңғырту жұмыстарымен «Батыс­АльянсСтрой» құрылыс ком­паниясы айналысуда. «Батыс­Альянс­Строй» ЖШС-ның бас директоры Әділ Жұбановтың айтуынша, жоба құрылысына ал­дыңғы қатарлы инженерлік тех­нологиялар қолданылған. «Алаң­ға 50 мың шаршы метр автоматты суару мүмкіндігі бар екі мыңға жуық гүлзар орнатылады, суару жүйесі компьютермен басқарыла­ды. Алты бассейн мен субұрқақ та осы технологиямен жұмыс істей­ді. Қазір қаптау, монтаждау жұ­мыс­тары жүріп келеді», – дейді Әділ Жұбанов.

Исатай мен Махамбет «біз мұн­далап» тұрған орталық алаңда, алтын түстес әшекейлермен бе­зен­дірілген мәрмәр домбыра түрін­дегі сәулет композициясы орын алады. Әуезді әуен ырғағына қарай түрлі түске боялатын ға­жайып субұрқақ, қызыл-жасыл гүлге толы алқап қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы демалыс пен әсемдіктен ләззат алу мүмкін­дігін сыйлайтыны сөзсіз. Исатай-Махамбет алаңындағы Махамбет бала өлеңдері қашалып жазылған жебе ұшы түріндегі мәрмәр тастар да орындарына қойылып, алаң­ның сәулетін айшықтай түсетін бо­лады.

Егемен елдің тутұғыры алыстан

көз қуантады

Өткен жылы құрылысы пы­сық­талып, жүзеге асуы жос­пар­лан­ған ерекше нысанның бірі – тутұ­ғыр мен мемлекеттік рәміздер алаңы. Атырау қаласы орталы­ғын­дағы көшелердің қиы­лы­сынан орын алған тутұғыр кеше­нінің аумағы – 57 шаршы метр, биіктігі – 91 метр. Тутұғырдың екі жағына субұрқақ салынады. Ал артына мәрмәр тастан салынған сәулет ком­позициясы Қазақстан карта­сы орнатылады. «Кастатор» ЖШС жобалық инженері Асхат Әлиа­нов: «Қазір ауа райы қолай­лы болып, инженерлік комму­ни­кацияларды жүргізудеміз. Құры­лысқа бетон, топырақ, төсеу жұ­мыс­тарына гранит пен мәрмәр қол­­данылады», – дейді. Айтарлы­ғы, тутұғыр Атыраудың ең биік ны­санасы болады. Қаланың бар­лық жағынан анық көрінетін рә­міздер алаңы облыс орталығына сән, салтанат сыйлап қана қой­май, рухты сезінуге ықпал етері сөзсіз.

Жайық өзені – шабыт пен демалыстың кепіл

Жайық өзені – бағалы балығы­мен ғана тәнті етіп қоймай, өр тол­қыны мен жағасындағы сәу­летті ғимараттарымен магнитше тарту арқылы тебірентпей қой­май­тын, ән мен күйге қоспай тын­байтын сұлулығымен көрген жан­ның жадында қалып қоя­ты­нымен ерекше.

Атырауға келген қонақтың Жайық өзенін бір көру үшін жа­ғалауда жүріп өтуді армандайтыны да ақиқат. Облыс тұрғындары да жылдың төрт мезгілінде демалуға осы жерді қолайлы көреді. Қыс мез­гілінде балық аулауды ермек етіп, жазда өзен суына шомылудан ра­қаттанатын жұртшылық Жайық жағалауының сәулетіне көңіл бөлу керегін айтудай-ақ ай­тып келеді. Осыны ескерген ай­мақ басшысы Нұрлан Ноғаев өзен жағасын абаттандыру туралы өткен жылғы халық алдында бер­ген есептік кездесуінде айтқан бо­ла­тын. «Тұрғындар тарапынан Жайық өзені жағалауының жағ­дайына байланысты көп шағым-ұсыныстар түседі. Аты-раулықтар өр өзеннің жағасы сұлуланып, көрген жанға ләззат сыйлайтын­дай абаттандырылуын сұрайды» деген аймақ басшысы жаңа жа­ғалау қаланың басты символына ай­налатынын атап өткен еді. Ха­лық­тың талабы ескерілді. Қазір Бейбарыс даңғылынан Жастар сая­бағына дейінгі жағалауда ай­рықша демалыс орнын жасау ба­ғытында жұмыстар жүріп жа­тыр. Мердігер мекеме өкілі Мөң­ке Шлықовтың айтуынша, жа­ғалау үш учаскеге бөлінген. Бұл жер­де жағажай, суға түсетін ар­найы орындар мен балалар алаңы, веложолақтар, халықтың ты­нығуына қажет барлық жағ­дайлар жасалады. Жайық жаға­сына 155 көше шамы орнатылады. Шағын сәулет мүсіндері мен гүл­дер, жасыл алаңқайлар, тал-те­­рек­тер егіліп, өзен жағасы сұлу кел­бетке ие болады. Құрылыс 2020 жылдың сәуір айында аяқ­талады.

Міне, мұнайлы аймақта өткен жы­лы рекордттық көрсет­кішке жет­­кен құрылыс саласы қар­қы­нын бәсеңдетпей, шаһар­дың сәу­­леттік келбетіне сұлулық, адам­­ның жақсы өміріне ықпал ете­­тін бірнеше нысандарды салу­ды аяқтауға таяп қалды. Бұл күн­де елі­міздегі құрылысқа және ком-му­налдық секторға зама­науи тех­но­­логияларды енгізу қол­­­ға алынуы Атырауда құрылы­сы жү­­ріп жатқан нысандардың са­­палы бо­лып, халық тарапынан жақсы ба­ғасын аларына сенеміз.


Атырау облысы