Жаңаөзен қаласын дамытуға 230,3 млрд теңге жұмсалады

Бұл жөнінде Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев мәлімдеді.  

Жаңаөзен қаласын дамытуға 230,3 млрд теңге жұмсалады
Фото: Voxpopuli.kz

2025 жылға дейін Жаңаөзен қаласы аумағында жүзеге асатын 67 жобаны іске асыруға барлығы – 230 млрд теңге қарастырылып отыр. Кешенді жоспарға сай биыл жасалатын жұмыстарға 19,6 млрд қаржы жұмсалатын болады. Оның ішінде, РБ – 3,7 млрд теңге (жалдамалы пәтерлер сатып алу, 18.2 шақырым автомобиль жолдарын салу); ЖБ – 273,4 млн теңге (бизнес негіздеріне оқыту, автомобиль жолдарын салу, апатты тұрғын үйлердің тұрғындарына пәтерлер сатып алу); «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ – 8,8 млрд теңге (жатақхана шығындарын субсидиялау, басқа өңірлерге қоныс аудару шығындарын субсидиялау, ҚазГӨЗ жаңғырту, «Өзенинвест» МКК-нан 350 жаңа жұмыс орындарын құру.) сынды жобалар бар.