Түркістан облысына – 1 жыл

Газет мақаласы "Айқын" газеті №92

Түркістан – тарихы те­рең­де жатқан, түркітілдес ел­дердің рухани астанасы. Киелі қаланы мекен еткен әй­гілі Қожа Ахмет Ясауи ке­сенесінің маңында исі қа­зақ­тың мақтаныштары – 21 хан, 56 батыр, 21 би мен 8 сұлтан, жүздеген игі жақсы жерленген. Бұл Түркістанның қазақ елі үшін ерекше құрметке ие екенін білдіреді. Ер түріктің бесігіне баланған Түркістанға облыс атауы берілгені мен Түркістанның облыс орталығы атанғанына бір жыл толды. Кеше облыс басшылығы мерейтой қарсаңында Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізді.  

Түркістан облысына – 1 жыл

– Түркістан облыс орталығы мәр­тебесіне ие болғалы Елбасы­ның тікелей қолдауымен қалада халықаралық деңгейдегі ғимарат­тардың құрылысы басталды. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау және Turkistan арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тарихи жарлықтарға қол қойылды. Осы жар­лықтарға сәйкес, облыс орта­лы­ғында ауқымды құрылыс бас­тал­ғанын білесіздер. Биыл амфи­театр, әуенді субұрқақ, 900 орын­дық мектеп, қабылдау орта­лы­ғы, әкімдік ғимараты мен мыңдаған пәтер пайдалануға бері­ле­ді. Ха­лықа­ралық әуежай, ста­дион, оқушылар сарайы, Ясауи музейі және өзге де нысандардың құрылысы жүріп жатыр, – деді облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы­мен Түркістан қаласының идео­ло­гиялық негіздемесін қалып­тас­ты­рудың 4 бағыты айқындалған. Бірін­ші, Түркістан – қазақ халқы мен түркітілдес елдердің ең ірі зия­рат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан – әлемдік деңгей­дегі қол­өнер және шебер­лер орталығы. Үшінші, Түркістан – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Қожа Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы 4 бағыт бойынша идеологиялық жұмыс­тар қолға алынбақ. Оның бірқата­ры Түркістан облысының 1 жыл­дығы мерейтойы қарсаңында басталып та кеткен, бұл ретте 46 шара өткізбек. Мысалы, «Түр­кіс­таным–Тұраным» облыстық музей­­лер мен кітапханаларда дөң­ге­­лек үстелдер мен кездесулер, суретшілер мен қолөнер шеберле­рі­нің кеңейтілген көрме экспози­цияс­ы өткізілсе, облыстың көрікті орындары мен оқиғаларынан сыр шертетін «Ұлы дала Түркістаны» атты фотоэкспедициясы ұйым­дас­­ты­­рыл­ды. Кеше Túrkіstan tórіn­de атты сұхбат-сырласу кеші бас­­тал­ды, онда елге танымал тұл­ға­лар түрлі тақырыпта ой қозғады.

Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарма­сы­ның басшысы Нұрдәулет Иса­бек Нұр-Сұлтан қаласында «Төле би» 10 сериялы кино­хикаясының тұсаукесері өтетінін жеткізді. 25 минуттық фильм­мен бірге, «Оқсыз оқи­ғасы», «Түркіс­тан» және «Орда­басы – бірліктің туы» ани­мациялық фильм­і көрер­менге жол тартады.

Облыс мерейтойында футбол­дан 2007-2008 жылы туған жас­өспі­рім ұлдар арасындағы облыс чем­пионаты, «Бір мезетте – Тұ­ран тұл­ғасы» тақырыбында бі­лім беру ұйымдары жанынан ашыл­ған мек­теп жанындағы жазғы са­уықтыру лагерьлерінде шығар­ма­шы­лық жобалар сағаты өткізіледі.

Облыс мешіттерінде қайы­рымдылық іс-шаралары ұйым­дастырылады. Жастар жылына орай, «Түркістанға тарту» ак­циясы кезінде Facebook, Instаgram әлеуметтік желілерінде жастар мен қонақтарға виктори­налық сұрақ­тар қойылып, естелік сыйлықтар таратылады. Ал бүгін БАҚ өкілдері арасындағы облыс­тың ашық спартакиадасы ашыла­ды. Осы күні облыстың жас ақын­дары арасында «Түркіс­танда түле­ген төл тарихым» атты мү­шәй­ра өтеді. Түркістан қала­сында облыстың ауыл шаруа­шылығы тауар өндірушілері «Құтты өлке өнімдері» жәрмеңке­сінде бас қоспақ. «Есім хан» алаңында «Түр­кістан – жастар қаласы» фестивалі өтеді. Бәйдібек ауданы Қошқарата ауылында жастардың «Алтыбақан» көңілді кеші, аудан, қалалардан келген оқушылардың қатысуымен Әзірет-Сұлтан мемле­кеттік тарихи-мәде­ни қорық му­зе­йін­­де «Облыс тарихы» тақы­ры­бын­да облыстық керуен шеру ұйым­­дастырылады. 17-18 маусым күн­дері Түркістанда және Төлеби ауда­нында Түркістан өңірін кеңі­нен насихаттау мақса­тында респуб­ли­калық пресс-тур жоспарланған. Осы тектес іс-шараларды 20 мау­сым күні облыс әкімінің жүлде­сіне ар­налған жайдар­ман­шы­лардың жаз­ғы фестивалі қоры­тын­ды­лай­ды.