Арыс. 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары жанданып жатыр. Бүгінде 400 астам үйді қалпына келтіру құрылыстары басталды.

Арыс. 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды

Айта кету керек, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен болса, оның ішінде 27 үй толықтай қайтадан салынатын болады.

Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйге жөндеу жұмыстарын бастап кетті.