Арыс: мыңнан астам үй жөнделді

Газет мақаласы "Айқын" газеті №110

Бүгінде Арысты қалыпқа келтіру бағытындағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қазіргі таңда қалада нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ 4362 үйдің құрылысы және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Арыс: мыңнан астам үй жөнделді

Еске сала кетейік, Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8 көпқабатты үй. Ал зақымданғаны – 7178 жеке, 95-сі көпқабатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлық облыс­тарынан – 5685, аудан­дар­дан 300-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Бұдан өзге Арыс қала­сын­дағы 14 мектеп, 2 ау­рухана, 28 балабақша, бір­неше мемлекеттік мекеме­лердің ғимаратына зақым келген. Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорына тапсырыл­ған. Оның 54-і – білім ны­сан­дары, 8-і – денсаулық сақ­тау, 4-еуі – спорт нысан­дары. Әлеуметтік инфра­құры­лым бойынша 66 ны­санда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.       

Сонымен қатар, қаладағы 300-ге жуық кәсіпкерлік нысандар «Атамекен» кәсіп­кер­лер палатасының ұйым­дас­тыруымен жөндеуден өт­кізілетін болады. Алдағы уақытта жергілікті тұрғын­дарға жоғары сапалы меди­ци­налық көмек көрсету мақ­сатында жаңа аурухана және екі емхана бой көтереді.