Басым бағыттар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс

Газет мақаласы "Айқын" газеті №111

Жетісу өңірі активінің бұл жолғы басқосуында Мемлекет басшысы атап көрсеткен дамудың басымдыққа ие бағыттарының облыста жүзеге асырылуы мен алдағы кездерге белгіленген межелері жайында сөз болды. Басты баяндаманы жасаған облыс басшысы еліміз бойынша жүргізілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының арқасында облыста 58 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, экономикадағы өңдеу секторының үлесі 20 пайызға дейін өсіп, өңірде алғаш рет өріс алған  фармацевтика саласы жанданғанын жайып салды.

Басым бағыттар  белгіленген мерзімде орындалуы тиіс

Дегенмен алдағы кезде шикі­заттық емес сектордың экспор­тын дамытуға баса назар аудару қажетін айрықша атап өтті.

Үкіметтің кеңейтілген оты­рысында Президенттің «Қа­ра­пайым заттар экономикасының» әлеуетін толыққанды пайдалану туралы айтқаны есімізде. Осы орайда облыста басым жобаларға қолжетімді несие беру бағдар­ламасымен бес жоба банктердің мақұлдауын алса, тағы үшеуі қа­растырылуда екен. Алайда алып жатқан аумағы кейбір мем­лекеттермен теңесетін, халқы­ның саны 2 миллионнан асып жығылатын Жетісу өңірі үшін бұл тым төмен көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті. Осыны ай­рықша атап өткен облыс әкімі өзі­нің су жаңа орынбасары Бағ­дат Мәнзоров пен кәсіпкерлік басқармасына, аудан, қала әкім­деріне «қарапайым заттар эко­но­микасы» бойынша белсенділікті арттыруды қатаң тапсырды.

Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында аз­ды-көпті жетістік бар. Былтыр облыста 26 мың жұмыс орнын құру жоспарланып, іс жүзінде 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылыпты. Бұл бағыттағы ша­ралар алдағы кезде одан ары ширай түспек.

Халқының 80 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұратын об­лыстың экономикасы агроөнер­кәсіптік кешеннің дамуына ті­келей байланысты. Өңірдегі ауылшаруашылығы жалпы өні­мінің көлемі биыл 3,3% өсіммен 750 млрд теңгеге жетеді деген ба­тыл болжам бар. Алайда ауыл ша­руашылығына тартылған ин­вестицияның негізгі капиталға салынған қаржының 8,5 пайы­зын құрайтыны және мұның республикалық көрсеткіштен (3,2 пайыз) біршама жоғары болғанымен, аграрлық аймақ үшін мақтанарлық жағдай емес екені айдан анық. Сондықтан бұл бағытта қолға алынар жұмыс­тар баршылық. Былтыр жарты­лай дайын өнімдер «Маревен Фуд» зауыты іске қосылған. Ендігі мақсат – картопты қайта өңдейтін «Фарм Фритс» және ұсақ мал етін тереңдете қайта өңдейтін «Бауманн» жобаларын орындау.

Баталовтың айтуынша, биыл аймақта ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерінің экспорты 3 пайызға артып, 82,5 млн АҚШ долларын құрауға тиісті. Бірінші кезекте 4 мың тонна ет экспорт­тау жоспарланған.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу, жер кадастрі жүйесін цифрландыру туралы берген тап­сырмасына келер болсақ, об­лыста жерді түгендеу жұмыстары 2015 жылдан басталып, соның барысында 496 мың гектардың пайдаланылмай жатқаны анық­талды. Қазіргі кезде осылардың 363 мың гектары пайдалануға бе­ріліп, 120,6 мың гектары мем­лекет меншігіне қайтарылыпты. Ескелді, Алакөл, Ақсу, Көксу аудан­дарында Ислам даму бан­кінің қаржысы есебінен жұмыс­тар жүргізілуде. 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қайта қалпына келтірілмек. 

Жер – өндірістің ең басты фак­торы. Осы бағытта тиімді жұмыс болмаса, ауылды дамыта алма­сымыз анық. Жер кадастры жү­йесін цифрландыруға қажетті қаржы қарастырылып, мақсатты игеріліпті.

Алматы облысында тұрғын үй кезегінде 48,4 мың, ал жер телімі кезегінде 136,8 мың адам тұр. Биыл 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға бе­ріледі. «7 – 20 – 25» бағдарлама­сы бойынша 751 отбасы баспа­налы болады.

Бірінші жартыжылдықта Алматы облысының экономи­ка­сына 223,5 млрд теңге инвес­ти­ция тартылған. Жыл соңына де­­йін бұл көрсеткіш 624 млрд тең­­геден асады деген болжам бар.

– Жаңа инвесторларға өңір­дің инвестициялық, туристік және IT мүмкіндіктері мен тар­тым­дылығын, әлеуетін таныту үшін «ЖетісуИнвест» форумын өткізуіміз керек. Облысқа инвес­тициялар тұрақты тартылуы тиіс. Мен, мұны әкімдерге айтып отырмын. Президент әкімдердің жұмысы инвестиция тарту көр­сеткішіне қарап бағаланатынын ескертті. Осыны аудан, қала бас­шыларының назарына қайталап саламын, – деді облыс басшысы Амандық Баталов.

Алматы облысында тұрғын үй кезегінде 48,4 мың, ал жер телімі кезегінде 136,8 мың адам тұр. Биыл 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға бе­ріледі. «7 – 20 – 25» бағдарлама­сы бойынша 751 отбасы баспа­налы болады.

Баяндамашының айтуынша, «7 – 20 – 25» бағдарламасымен екінші деңгейлі банктерге 421 өтініш беріліп, соның 215-і ма­құлданған. Банктермен жұмыс жүргізіліп, несиелеу аумағы ке­ңейтілді. «Бақытты отбасы» бағ­дарламасы іске қосылды, бұл ретте Алматы облысына 4,6 млрд теңге бөлінді. Көпбалалы отба­сыларды баспанамен қамту бағ­дарламасымен пәтер сатып алу баяу. Облыста бюджет саласының 106 мың және шағын және орта бизнес пен кәсіпорындардың 100 мыңдай қызметкерінің жала­қысы өсті. Ал атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына кө­шуге байланысты облыста АӘК алатындардың саны 7 есеге кө­бейіп, 11,4 мыңнан 40,4 мың от­басыға жеткен. Облыс басшы­сы Үкіметтің кеңейтілген оты­рысында Президент әлеуметтік қолдау шараларының айқын әрі ашық процедураларын белгі­леуді, анықталған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық көрініс­терін аяусыз жазалауды тапсыр­ғанын айта келе, халықты нәти­желі жұмыспен қамтуға тартумен жүйелі айналысу қажетін еске салды. Көмекке мұқтаждығын қолдан жасап отырғандардың жолын кесіп, АӘК төлемін нағыз мұқтаж жандар алатындай ретке келтіру керегін де ескертті.

Сондай-ақ облыстық активте мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жүйесін жақсарту да аса маңызды екені айтылды. Қазіргі кезде облыста 68,5 мың мүгедек жан тұрса, оларды оңалтуға бөлінетін қаржы биыл 3,3 млрд теңгеге жеткізіліпті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Пре­зидент халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономиканың тұрақты өсуін сақтауға бағыт­талған сайлау алдындағы бағдар­ламаны іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар бергені де айтылды.

 

БОЛАТ АБАҒАН,
Алматы облысы