Арыстан жеткізілген бала қайтыс болды

Арыстағы әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан кейін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген екі баланың бірі қайтыс болды.

Арыстан жеткізілген бала қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды

Бұл хабарды Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Арыс қаласынан жеткізілген бала қайтыс болғанын растаймыз. Басқа ешбір ақпарат пен түсініктеме болмайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арыстағы оқиғадан кейін 2005 және 2011 жылдары туған екі кішкентай науқас Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер екі науқастың да бас миы мен көкірегін КТ өткізіп, біреуіне операция жасаған-ды. Дәрігерлер отадан шыққан кішкентай пациенттің бірінің жағдайы өте ауыр, екіншісінің жағдайы – тұрақты ауыр деп бағалаған еді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордалық №2 қалалық балалар ауруханасына өзі барып екі баланың жағдайымен танысып, балалардың жағдайы өзінің жеке бақылауында болатынын мәлімдеген.