Шағынаудандарды шарлап қайтты

Газет мақаласы "Айқын" газеті №119

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мегаполистегі алғашқы жұмыс сапарын қала шетінде орналасқан шағынаудандардың тұр­ғын­дарымен кездесу­ден бастады. Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабына келіп, ауызсу және электр қуатымен қамту мәселесін тұрғындармен бірге талқылаған әкім ауызсу мәселесін жүйелі түрде шешу бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Шағынаудандарды шарлап қайтты

Ерлан Қуанышұлы, сонымен қатар Сайрам тұрғын алабына барып, ондағы инфрақұрылым жүйесімен танысты. Осы сапар барысында қала әкімі жергілікті халықпен кездесіп, екі сағаттан астам уақыт тұрғындар кө­ке­йін­де жүрген мәселелерге қа­нық­­ты. Тұрғындарды толған­дырып отырған басты мәселе – ауызсу мен сапалы электр энергиясы. Кездесу барысында қала әкімі негізгі жұмыс ха­лықтың өмір сапасы мен әл-ауқа­тын арт­тыруға бағыт­та­ла­тынын айтып, көтерілген мә­се­лелерді рет-ретімен шешу мін­деті тұрғанын жеткізді.

– Өздеріңізге мәлім, Шым­кент қаласының әлеуметтік-эко­номикалық дамуына Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев­тың өзі айрықша назар ауда­рып отыр. Халықтың тұр­мысын жақсарту бойынша нақ­ты тап­сырмалар берді. Менің бас­ты мақсатым – шалғайда ор­налас­қан елдімекендердің тұрғын­да­рына қолайлы жағдай жасау, – деді Е.Айтаханов.

Қала әкімі Шымкентті мега­полис мәртебесіне лайықты ету үшін шалғайдағы шағынау­дан­дардың инфрақұрылымын да­мы­туды бірінші орынға қойып отыр.

Шымкент қаласындағы күр­меуі шешілмеген әр мәселе күн тәртібінен түспек емес. Осы ба­ғытта мегаполис әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсыр­ма­лар жүктеді. Ерлан Қуанышұлы алдағы уақытта халықпен кез­десу үшін барлық елдімекендерге жиі барып тұрмақ. Осылайша қала әкімі халық пен билік ара­сын жақындатпақ.

Ерлан Қуанышұлы одан соң Абай ауданындағы Жаңаталап, Игілік тұрғын алабтарының инфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Елдіме­кен­дердің тұрғындарымен кез­десіп, оларды толғандырып жүр­­ген қоғамдық көлік, ауызсу, газ және сапалы электр жары­ғы­мен қамту сынды мәселелерін тыңдады. Тұрғындар көтеріп отыр­ған бұл мәселе орынды еке­нін айтқан қала әкімі қала бюд­жеті бірінші кезекте шал­ғайдағы аудандардың инфра­­құрылымын дамытуға бөліне­тінін атап өтті. Сонымен қатар, түйінді мәсе­ле­лердің уақытылы шеші­луін өзі қадағалайтынын жеткізді.

– Бүгінде Түркістан облы­сынан қала аумағына қосылған 41 елдімекен бар. Олардың кө­бінде әлі күнге дейін ауызсу, жа­рық, көгілдір отын мен тіпті қаты­нас үшін жол жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының съезінде Үкімет­ке ауылды жерлерге үй, жол салып, коммуникация тарту қажеттігін тапсырған болатын. Осы жұмыстардың барлығын мегаполиске қосылған аудандар­да да жүргізуіміз қажет. Көп жыл­дан бері қордаланып келе жатқан коммуналды мәселелер­ді рет-ретімен шешеміз, – деді Е.Айтаханов.

Қала әкімі, сонымен қатар ауданда заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан азаматтар­дың жұмысына назар аударды. Тиісті сала жетекшілеріне осы жұ­мыстардың заңдылығын анық­тап, шара көруді тапсырды. Сондай-ақ өз мақсатында пай­даланылмай отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыруды айтты.

Ерлан Қуанышұлы Абай ауда­нының әкімі Б.Пармановқа және сала басшыларына елді­мекендердің инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар ауданға жасаған жұмыс сапары барысында әкім­дерге күрмеуі шешілмеген ең өзекті проблемалы нысандарды көрсетуді атап өтті.

 

Е.МҰРАТБЕК,
Шымкент қаласы