Алматыдағы сел: Дүрлігуге себеп жоқ

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалада сел жүру қаупінің мән-жайын айтты.

Алматыдағы сел: Дүрлігуге себеп жоқ
Фото: Интернеттен алынды

– 14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінде ішкі арналардағы су тасыды. Болжам бойынша, секундына 5 текше метр су тасыды. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Жағдай бірқалыпты, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өзен арнасындағы жағдай тұрақты, дүрлігуге себеп жоқ, – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Қарғалы өзенінің арнасын тазалап, жағалауын бекіткен болатын. Қарғалы өзені Қарағайлы ықшамауданынан бастап Құрамыс, Таусамалы және Алғабас ықшамаудандарын басып өтетін өзен жағасы бөгеттен бастап Жандосов көшесіне дейін бекітілген еді. Соның нәтижесінде, бүгінде селден келер қауіп жоқ.