Халықаралық білім беру кластері салынбақ

Газет мақаласы "Айқын" газеті №130

Сингапурлық Kinder World International Group Ltd компаниясы Шымкент қаласында халықаралық білім беру кластерін салмақ. Аталған орталықтың құрамына балабақша, халықаралық мектеп пен колледж кіреді.

Халықаралық білім беру кластері салынбақ

Аталған жобаны талқылау мақсатында Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов пен сингапур­лық компанияның төрағасы Рики Тэн кездесті.

Тараптар білім орталығының болашақ әлеуетін талқылады.

Е.Айтаханов мегаполис мәртебесін жуырда алған Шым­кент үшін жаңа оқу орындары аса маңызды екенін айтып, қаланың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Жалпы құны шамамен 23-25 млн АҚШ доллары болатын жоба­ны сүйемелдеумен Kazakh invest АҚ айналыспақ.

6 айдан 6 жасқа дейінгі 600 бала­ға лайықталған балабақшада жабық ойын алаңшалары мен бассейн қызмет көрсетеді. Бала­бақ­шада балаларды шет тілде­ріне, оқу мен санауға, қоғам­тану, музыка, би мен бейнелеу өнеріне үйретеді. Мұнан бөлек, 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған байыту орталығында жас­өспі­рім­­дер ғылыммен, техно­логия­лар­мен, инжене­риямен, мате­ма­­тика­мен, робототех­никамен және AR/VR жүйесі­мен тереңі­нен танысады.

Ал халықаралық мектепте дәстүрлі пәндерден басқа бағ­дарламалауға, робототехникаға және 3D баспаға арналған факуль­­тативтік сабақтар өтеді. Сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде оқитын студенттердің жазғы алмасу бағдарламалары жұмыс істейді.

Айта кету керек, Kinder World International Group Ltd ком­па­ния­сының білім беру кластері бүгінде Австралия, Вьетнам, Ма­лай­­зия елдерінде табысты іске асуда.


Е.МҰРАТБЕК, 
Шымкент қаласы