Шағын және орта бизнесті дамытатын мүмкіндік

Газет мақаласы "Айқын" газеті №130

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы ірі құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Қала басшысы құрылысқа жауапты мамандардың жұмысты жүйелі ұйымдастыра алмағанын сынға алып, ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс қарқынын арттырып, мердігерлердің жұмысын ерекше бақылауға алу керегіне назар аударды.

Шағын және орта бизнесті дамытатын мүмкіндік

Сағатына 400 адам қабылдай­тын халықаралық әуежайдың жаңа терминалы іске қосылған кезде, жолаушылар ағыны 10 есеге дейін артпақ. Сала маман­дары­мен кеңескен қала әкімі мұндағы жұмыстарды ширату туралы жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.

«Қызылжар» шағынауда­нын­дағы А-2 автожолының және А-2 Бадам көпірі мен Д.Қонаев даң­ғылы құрылыстарының жұмы­сын бағамдаған қала басшысына «Қошқар ата» өзені жағалауын абаттандыру, ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы мен Shymkent сity тұрғын алабындағы «Кон­­гресс центр» жобасы таныс­ты­рылды.

Қала әкімі Шымкенттің зама­науи жаңа келбетін қалып­тастыру үшін қолда бар мүм­кін­діктің бәрін біріктіріп, тиімді жұмсау керегін айтты.

– 2020 жылы Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын өткіземіз. Сондықтан қазір әрбір сала басшысы жұмы­сын ширатуы керек, – деді Е.Айтаханов.

Бұдан бөлек қала басшысы құрылысы жүріп жатқан «Боза­рық 220/110/10 кВ» қосал­қы стан­­сасына барып, тиісті сала басшылығына 10 жаңа тұрғын үй алабын немесе 250 мың тұрғынды үздіксіз электр қуатымен қамта­масыз ететін жобаны ертерек аяқтауды міндеттеді.

Айта кетейік, бұл аптада Шымкент қаласының басшысы Ерлан Айтаханов кәсіпкерлердің проблемасын тыңдау мақсатында қала әкімдігінде арнайы жиын өткізіп, жергілікті бизнес қауым­дас­тықтың өкілдерімен де жүз­десті. Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкер­лер мен кәсіпкерлерге қолдау көр­се­те­тін ұйымдар мен салалық мем­ле­кеттік мекемелердің жауапты қыз­меткерлері қатысты.

Басқосуда кәсіпкерлер «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­дарламасының орындалу бары­сы, жаңа жобалар мен олар­ды жүзеге асырудағы кедергілер тура­лы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар проблемаларды шешу жолдарын талқылап, қала басшылығына ұсыныстарын жеткізді.

Ерлан Айтаханов қала эконо­микасы үшін кәсіпкерлік саласының маңызына тоқталып, Шымкентте шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті зор екенін айтып, кәсіпкерлерге қолдау шаралары мақсатты түрде жалғасатынын жеткізді.

Қала әкімі іскер азаматтарды қарапайым заттар экономикасы мен қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақ­сатында ауылшаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырып, алдағы уа­қыт­та шымкенттік кәсіпкер­лер­мен тұрақты түрде кездесіп тұр­мақ.

 

Е.МҰРАТБЕК, 
Шымкент қаласы