Тапсырма – нақты, орындалуы тиянақты немесе бастамалар несімен құнды?

Газет мақаласы "Айқын" газеті №137

Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шараларға арналған  актив жиыны өтті.

Тапсырма – нақты, орындалуы тиянақты немесе бастамалар несімен құнды?

Актив жиынына төрағалық еткен аймақ басшысы Нұр­лан Ноғаев Президент Жол­да­уындағы негізгі бағыттар мен міндеттеріне тоқталып, аймақта атқарылуы тиіс шара­­ларды айқындап айтып жеткізді.

– Күні кеше ел өміріндегі аса маңызды оқиғаның куә­сі болдық. Парламент па­ла­­таларының бірлескен оты­­­рысында Мемлекет бас­­­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауын жасады. Прези­ден­­­тіміздің тұңғыш Жол­дауы екенін ескерсек, мұны өзіндік терең мәні бар, қо­ғам­ның әр кездегі басым сұра­нысын сипаттайтын ай­рық­ша мағынасы бар жаңа құ­жат деп атауға болады. Яғни, би­лік пен қоғамның, мем­лекет пен халықтың қаты­на­сы, байланысы қалай құры­ла­ды – бұл еліміздің даму перспективасын айқындайтын шешуші факторға айналғалы отыр. Мұндай диалог – тек рухани сала, идеология емес, экономика, әлеуметтік даму, құқықтық қорғалу, басқа да бағыттарды қамтитын аса ау­қымды құбылыс. Жол­дау­дың негізгі бес бағыты да осы­ны көрсетеді. Айта ке­тейін, бұл басымдықтар бо­йын­ша бұрыннан жұмыстар жүр­гі­зі­луде. Алайда осы үдеріске тың серпін беріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру қажет – Жол­дау осыны көздейді, – деген аймақ басшысы Н.Ноғаев жер­гілікті деңгейде қандай жұ­мыстар атқарылуы тиісін сара­лап жеткізді.

Активте алдымен Пар­тия құрылысы үдерісін жал­ғас­тыру туралы айтылды. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған «Сенім. Диалог. Бола­шақ­қа нық қадам – Nur Otan пар­тиясының 7 серпіні» атты жаңа бағдарламасы пар­тия мүшелерінің алдағы жұмы­сында маңызды бағыт болып табылады. Бұл ел дамуындағы кезекті нақты қадам және партияны халықпен өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы Н.Ноғаев халықпен тиімді кері байланыс орнатуда бірқатар жетістік барын айтты. Ақиқатында, ай­мақтар бойынша халыққа жа­қын болуды алғашқы бо­лып қолға алғандықтан, әкім­­дік құрылымдарымен күн­­делікті режимде әлеу­мет­тік желілердің тікелей эфир­ле­­рінде, телеграмм ка­нал­дар­да тұрғындардан түс­кен сауалдарға, ұсыныс-пі­кір­лерге жедел жауап беруді ұйым­дастыруда жақсы көр­сет­кішке ие болуда.

 

Экономиканы әртараптандыруға көшетін уақыт жетті

Аймақ басшысы Н.Ноғаев облыс экономикасында ше­шу­ші рөл атқарып отырған тау-кен өнеркәсібінің, әсіре­се, мұнай, газ өндірісінің ма­­ңызын ешкім жоққа шы­ғар­­­майтынына тоқталды. Алай­­да жергілікті атқарушы ор­гандар үшін басымдық – шағын және орта бизнесті да­мыту, өңір экономикасын әр­тараптандыру, әсіресе, ши­кі­зат өндіруден тыс салаларды дамыту. Болашақта олар ха­лық­ты жұмыспен қамтудың, табысын өсірудің негізгі көзі­не айналуы тиіс. Қажетті құры­лым­дық өзгерістерді жүзеге асы­ра отырып, 2025 жылға қа­рай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайыз­ға және одан да жоғары дең­гейге жеткізуге мүмкіндік бар.

Соңғы 3 жылдың   жалпы өңір­лік өнім көлеміне тоқ­тал­ған аймақ басшысы облыстың жалпы өңірлік өнімі 2019 жыл­дың 1 тоқсанында 2 053,7 млрд теңгені құрағанын айтты. Рес­публиканың жалпы ішкі өніміндегі облыстың үлес салмағы – 15,6 пайыз.

– Индустриялық-инно­ва­циялық дамытудың мемлекет­тік бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде төрт жылда іске қосылған және іске қосылатын жобалар ауыл шаруашылығы, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұ­­най-газ өңдеу және өзге де өнеркәсіп салаларына тың серпін береді. Үшінші бес­­жылдықтың негізгі мақ­­саты – отандық кәсіп­орын­дар­­­­ды экспортқа бағыттау. Кәсіпорындарды экспортқа ба­ғыттау бойынша мем­ле­­­­кет­тік қолдау құралдары бар. Соны кеңінен наси­хат­­тап, кәсіпкерлердің на­за­ры­­­на жеткізу қажет, – деген ай­­­­­мақ басшысы Н.Но­ғаев осы сала бойынша жа­уап­ты орынбасарына және Кә­сіп­­керлік және ин­дус­трия­лық-инновациялық даму бас­­­­­­қармасы басшысына жұ­мыс­­­­­тарды жандандыруды тап­­сырды.

Қала мен ауылды дамы­тудың берік негізі болатын тиімді шағын және орта бизнес саласына тоқталған аймақ басшысы бұл салада жұмыс істеуге ниеттінің көптігіне тоқталды.

Елімізде 2020 жылдан бас­тап, микро және шағын биз­нес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату туралы заңна­малық өзгерістер енгізіледі. Бұдан басқа микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салынады деп күтілуде. Бұл кәсіпкерлерге үлкен қол­дау болары сөзсіз. Міне, осы­ны тиімді қолдану – әр биз­нес­меннің міндеті.

Kazakh Invest ҰК АҚ, «Атырау Әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясы» АҚ және Aty­rau Innovations ЖШС кел­ген инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсетіп келе­ді.

– Инвестициялық қызметке байланысты проблемаларды же­дел шешу үшін Атырау об­лы­сы әкімдігімен «Ин­вес­­тор­лар тарту және инвес­ти­ция­лық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік кеңес құрылды. «Бү­гін­гі таңда ақпараттық-мони­то­рингілік бойынша 2019-2024 жылдарда әр салада жал­­­пы құны 1,4 трлн теңгені құ­рай­­тын 11 жоба іске асырып, 2 200-ден астам адамды жұмыс орны­­мен қамтуды жоспарлап отыр­мыз.

Қатерлі ісік ауруын алдын алу мақсатында жапондық технологияларға негізделген медициналық орталық құру бойынша келіссөздер жүргіз­бек ойымыз бар, – деген аймақ басшысы Н.Ноғаев «Цифрлы Қа­зақстан» мемлекеттік бағ­­дар­­ламасы аясында облыс­та атқарылып жатқан жұмыс­тар­ға тоқталды.


Атырауда  агроөнеркәсіптік саланы дамытуға болады

Елімізде агроөнеркісіпті да­­­мытуға басымдық беріліп жа­­тыр. Аймақ басшысы Н.­Но­­ғаев «Қатаң табиғат жағ­­­­­­­дайына қарамастан, Аты­­­рау облысында ауыл шаруа­­­­шылығын дамытуда әле­­уетіміз мол екеніне көзіміз жетіп отыр. Бүгінгі күннің мін­деті – тиімсіз тұстарынан ары­лып, агроөнеркәсіп кеше­нін заманауи талаптарға сәй­­кестендіру. Сондай-ақ бұл жұмысты өңірде ша­ғын және орта бизнесті дамы­ту­­дың құрамдас бөлігі ре­тін­­де қарастыру қажет. Әсі­ре­се, ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жерлердің тиім­ді пайдаланылуы айрықша на­зарда болуы тиіс», – деді.

Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көп көлемде жеміс-жидек ағаштарын егуге тілек білдіруші көбейіп келеді. Ай­мақ басшысы оларға жер телім­дерін бөлуді, мемлекеттік қолдауларды түсіндіріп, жан-жақты көмектесуді облыс­тық ауыл шаруашылығы бас­қар­масына, Атырау қаласы және аудандар әкімдеріне тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей отырған жерлерді анықтап, оларды кері қайтару, қайта айналымға енгізіп, нақ­ты жұмыс атқаратын шаруа­лар­ға беру жұмыстарын ұйым­дас­тыру да тиісті құрылым басшыларына тапсырылды.

Еңбекке қабілетті адамдар еңбек етсін

Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру мәселесі – өте маңыз­ды, себебі ол халықтың ба­сым көпшілігі үшін негізгі табыс көзі болып табылады. Аты­рау сияқты индустриалды ай­мақ­та бұл көрсеткішті жақсар­ту­ға резерв бары сөзсіз.

Әлеуметтік қолдау жүйесін одан ары дамыту мәселесіне тоқ­талған өңір басшысы мұн­­дай жұмысты нақты қа­жет­­тіліктерге бағыттауды тап­сыр­ды.

– Бірден айта кетейін, мем­ле­кеттік қолдау масылдық пи­ғыл туындатпауы керек. Мем­лекет тек шын мәнінде мұқтаж жандарға көмектесуі тиіс, ал еңбекке қабілетті адам­дар еңбек етуі қажет, – деді Н.Ноғаев.

Облыс әкімінің бірінші орын­басары С.Шапкеновке атау­лы әлеуметтік көмек алу­шы отбасылар ішіндегі ең­бек­ке жарамды азаматтарды жұмысқа тарту, еңбек етуге ын­таландыру жұмыстарын жан­­дандыруды, қала, ау­дан әкімдерінің бұл ба­ғыт­­та­­ғы қызметтерін үйлес­ті­­ріп, мәселелерді шешу тап­­сырылды.

Актив жиынында білім, денсаулық салаларының сапасын көтеру мақсатында атқарылыуы тиіс тапсырмалар жүктелді.

Президент Жолдауында мәдениет қызметкерлерін қол­дау қажеттігі жөнінде айрықша атап өтті. Атырау облысында 1 862 мәдениет саласының қызметкері жұмыс істейді. 2019 жы­лы  мәдениет саласына  бөлінген бюджеттік қаражат – 11,5 млрд теңге. Бұл қара­жат Елбасының «Рухани жаң­ғыру» мақаласы аясында облыстағы кі­тапханаларды, музей­лер­ді жаңғырту, олардың қыз­метіне жаңа цифрлы зама­на­уи мүмкіндіктерді кең қол­­дану және тарту жұмыс­та­рын енгізіп, дамытуға жұм­­­салары сөзсіз. Қазір жер­гі­лікті атқарушы билік қол­да­ныстағы тұрғын үй бағ­дар­ла­м­алары аясында мәдениет қызметкерлерін пәтермен қам­тамасыз ету мәселесін зер­де­леу­де.

Аймақтың қуатты күші бәсеңдемеуі қажет

Аймақ басшысы Н.Ноғаев баяндамасында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесіне тоқталып өтті.

Жергілікті билік органдары жұ­мысының тиімділігін ба­ға­­­лаудың өзіндік қағида­лары бар. Ол жүйе әлі де же­т­іл­­діріл­мек.  Ең бастысы, қағи­да ха­лықтың жағдайына бай­ла­ныс­ты бағаланады. 

Жолдауда Президент жал­пы сипаттағы трансферт­тер­ді бөлуде әр өңірдің эко­но­­микалық белсенділігін есепке алу, өңірлердің даму ерек­ше­лі­гін ескеру қажетін атап өтті.

Бұл – экономика бойынша көш бастап тұрған Атырау үшін жағымды жаңалық.

Келесі жылдан бастап ша­ғын және орта бизнестен түсетін қосымша салықтық түсімдер (корпоративтік табыс салығы) өңірлердің құзырына беріледі. Бұдан Атырау облы­сының бюджетіне 2020 жыл­дан бастап 29,4 млрд теңге түседі деп болжануда. Облыс басшысы осындай мүмкіндікті өңірді дамытуға неғұрлым тиімді пайдалану қажет екенін атап өтті.

Атырауда тұрғын үй құры­лысы жалпы инфрақұры­лым қарқын алып отыр.

Бүгінгі күні облысымызда «Нұрлы жер», «7–20–25», «Бақыт­ты отбасы» бағдар­ла­­­малары ойдағыдай іске асып жатыр. Облыс әкімдігі тара­пы­­нан «7–20–25» және бағ­дар­­ламалары шеңберінде жеңіл­дікті ипотека бойынша бастапқы жарналарды жар­ты­лай субсидиялаудың тетік­те­рін іске қосу бойынша жер­­­гілікті бюджет есебінен бас­тапқы жарнаны әлеуметтік қолдау үшін 1 млрд теңге қарас­тырылды.Бүгінгі таңда атал­ған бағдарламалар арқы­лы үй алуға мүмкіндік барын насихаттау жүйелі жүргізіліп отыр.

Президент Жолдауында  айтылған экологияны жақ­сар­ту, қоршаған ортаны сақтау жұмыстарын жандандыру қажетін атап көрсетті.

– Мемлекет басшысының сөзіндегі мына бір тұсына ерек­ше назар аударғым келеді: «Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мем­ле­кеттік органдардан жұмыс­ты жедел атқарып, нақты нәти­жеге қол жеткізуді талап етемін», – деді Президент. Бұл барлық билік органының, соның ішінде, жергілікті атқа­ру­шы органдардың басты ұстанымы болуы тиіс. Әрине, бұған дейін де белсенді қызмет еттік, ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірақ өмір деген – ұдайы қозғалыс, ұдайы өзгеріс, сәл саябырсыған көштен қалып қояды. Кеше тиімді болған нәрсе бүгін ескіріп қалады, бұрын адамдарды риза қыл­ған жетістік қазір халықты қана­ғаттандырмайды. Түптеп келгенде, негізгі мақсат сол – халықтың тұрмыс дең­ге­­йін, өмір сапасын ұдайы арт­тыру. Сондықтан  заман ағы­мына сай біз де өзгереміз, қыз­метіміздің тәсілдері, ба­сым­дықтары өзгереді. Бұл біз­дерден, алдымен, мем­ле­кеттік қызметшілерден әр­дайым жаңашыл, ізденісте болу­ды талап етеді. Прези­ден­тіміздің «Сындарлы диа­лог – Қазақстанның тұ­рақ­тылығы мен гүлденуі­нің не­­гізі» Жолдауы жақын перспек­ти­вадағы басым­дық­тар­ды айқындап берді. Соған орай Атырау өңірінде қай бағытта, қалай жұмыс істеуіміз керек, қандай міндеттер тұр – анық бағдар бар, – деген аймақ бас­шы­сы Н.Ноғаев  халық пен билік өкілдерін мүмкіндіктерді пайдаланып, қажырлы еңбек арқылы мақсаттарға жетуге шақырды.

Активте сөз алған Индер ауданының әкімі Мейірім Қа­лауи Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  Жолдауын жү­зе­­ге асыру үшін ауданда мол мүмкіндік барын айт­ты. «Ау­данның жерасты қаз­ба бай­лықтарын, ауыл шар­уа­шы­лығына, логистика мен ту­ризмге қолайлы же­рін пай­да­лана отырып, кәсіп­кер­лік­ті дамытуды қолға алдық. Индерде тұз зауытын кеңейту жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін жүз елуге  жуық жаңа жұмыс орны ашылатын нысанға жергілікті жастарды тартқымыз келеді. Туризмді дамыту үшін «Тұзды көл»  басы­нан шипажай, қонақүй салу жоспары бар.

Белоруссиялық инвес­тор­­лармен цемент өндірісін қолға алу жөнінде келіссөздер жүргізілуде», – деп  іргелі ау­дан­ның болашағы үшін атқа­ры­ла­тын жұмыстарды саралап айтып берді.

Жиында сөз алғандар Пре­зидент Жолдауында халық­тың игілігі үшін жасалуы тиіс тап­сыр­малардың қамтыл­ға­ны­на ризашылық­та­рын біл­дір­ді.

Сайып келгенде, біздің көз жеткізгеніміз  Мемлекет бас­шысының Қазақстан хал­қына Жолдауынан туындайтын тап­сырмалар тиянақты орын­далса, ел дамуында жаңа­ша дүмпу болады. Ал оған елі­міз­дің доноры болып отырған Атырау облысы қомақты үлес қосатыны айқын.


Атырау облысы