Ерте ексе – егін мол

Газет мақаласы Айқын газеті №67

Адам баласы тамақ­сыз өмір сүре алмайды. Біз Алла Таға­ла­ның бер­ген брендін бидай­ды биыл дұрыс өндіру керек екенін, өткенде ауыл шаруа­шы­лығы бұрынғы жыл­дары қалай дамы­ға­нын, келешекте не істеуіміз керектігі жөнін­де қысқаша мағлұ­мат берген болатынмын.

Ерте ексе – егін мол
Бірақ биыл ауа райы басқа жылдардан өзгеше болып тұр. Сондықтан да биыл ерек­ше­лігі­не байланысты егін егу мерзімін қайта қарау керек. Биыл көктем жарты айға ерте басталды. Оны дүние­­жүзінде не болып жатқа­ны­нан да көріп отырсыздар.
Басқасын қойғанда да Аф­ри­ка мен Испанияда қар жа­уып, Еуропада дауылды жауын­дар болғаны күтпеген жағдай. Егін егуді оңтүстік мезгілі­нен жарты ай бұрын бастағаны құптарлық жағдай. Ал Орталық Қазақстан мен солтүстігіміз агротехника талабы бойынша 15 мамырдан бастап 30 ма­мыр­да сеуіп бітуі тиіс екенін тәжіри­бе­ден ғылыми дәлел­ден­ген. Бірақ биылғы ауа райы өзгеше болып тұр. Мамыр айы басынан бастап 20-на дейін жауынды болады. Ал 20 мамыр­дан бастап, 20 градустан жоғары ыстық бола­ды. Маусым, шілде айлары ылғал­сыз болады деп тұр. Сон­дық­тан тәжірибеден біраз көргенім болғандықтан қазір де Ақмола облысынан бастап солтүстік облыстар цифрлан­ды­руды өндірісті толық қолға алуына байланысты егін себуді жердің жылылығы 5 градусқа жеткен уақыттан бастап ерте себе беру керек сияқты. Сонда сәуірдің аяғынан мамырдың басында себілген егін мамыр­да­ғы жауынға ілексе 20 мамыр­да көктеп шығып қала­ды. Сөйтіп, алдағы ыстықта бидайдың бой көтеруіне бай­ла­нысты тамырла­ры­на күн көзін түсірмейтін жағдай бола­д­ы. Бұл топырақта ылғал­ды сақтауға септігін тигізеді. Сон­дық­тан жақсы өнім алуға мүмкін­дік болар еді.
Қазір де жерде ылғал жеткі­лік­ті, енді тұқымды күн ванна­сына шығару керек. Сол күн ваннасын алып, артынан дәрі­ленген тұқымды жерге сіңі­­­ріп үлгерсе, биыл 35 млн тон­на астық алуға жағдай бар. Осы­ны астық өнімімен айна­лысатын азаматтар ойласқаны дұрыс болар еді.

С.ТЛЕУБАЕВ, 
Ұлытау ауданының
Құрметті азаматы