Құт қонған Қобда

Газет мақаласы "Айқын" газеті №153

Өткенін ұмытпай, өскелең ұрпаққа тарихын ұлықтаған ел – болашаққа серпіліс жаса­ған ел. Барлық уақытта да шежі­ре­сін берік ұстанып, кемел кел­е­шекке зор үмітпен қара­ған Қоб­да ауданы биыл аудан­ның 90 жылдық мерей­тойын атап өткелі отыр.

Құт қонған Қобда

Шермаганбет.JPG
М.ШЕРМАҒАНБЕТ, 
Ақтөбе облысы  
Қобда ауданының әкімі 

Қойнауы шежірелі өлкеміз киелі өңіріміздің рухани қазынасы мен бай тарихынан сыр шертеді. Солтүстігінде Ресеймен, шығы­сын­да Алға, Мәртөк аудандарымен, батысында Батыс Қазақстан облы­сы­мен, оңтүстігінде Темір, Ойыл аудандарымен шектесетін Қобда ауданы – табиғи һәм тарихи құнды­лық­тарының әлеуеті басым өңір. Ежелгі тарихында ұлан-байтақ жерімізді мекен қылған сақтар мен ғұндар, басқа да түркі тектес тайпа­лар, одан беріде Жошының ханды­ғы, Алтын Орданың дәулетті баһа­дүр бектері, қазақтың бірлігін бір тудың астына біріктіру жолында жандарын пида еткен аруақты батырлары, жоңғар мен қалмақтан көрген «ақтабан шұбырындыда» Қаратаудың басынан көшкен қаралы көшті қайта болдырмауды мақсат еткен халықтың тағдырын шешу үшін Әбілқайырдың тұсында орыс патшасының алдына барған Әжібай, Аралдар, басқа да қазақтың тұтас тарихын қалыптастыратын тарихи оқиғалар осы өңірде өткені – айғақ. 39 түрлі эпостың кейіпкері Қара­қыпшақ Қобыландының аты­ның тұяғы дүбірлеткен Дүңгір­лек суы, қалмақ ханы Омбы Дондукқа қарсы ұлы жорыққа бастаған қалың қолдың аруақты батыры Алтайдың атының ізі қалған жер, Абат батырдың жаны мәңгілік тыныш тапқан Абат-Байтақ қорымы, атақты Аңырақай шайқасында Райымбекпен үзеңгілес болған Жездібай, Малай батырды туған Бесқопа, Орынбор губерниясы «көрін­бейтін әйел» атаған Пугачев көте­рілісін жалғастырып, әділетсіз­дік­ке қарсы қол бастаған Сапар (Сапура) Мәтенқызының жорық­та­ры, ұлт-азаттық көтеріліс­тің шең­ге­лі Шейітсай, отаршылдыққа қар­сы күрестерді бастаған Исатай Тай­­манұлының кесенесі – осы өңір­дің тарихи жәдігерлері. Бұл өңір – Шыңғыс ханның баһадүр қолбас­шы­сы Сүбітайдың қалың қолы, Әмір Темірдің қаһарлы жасағы, Алтын Орда хандарының, Әбіл­қайыр мен Барақтың, Жәнібектің жұрты ат тұяғын серпіген жер. Бері­де ұлт-азаттық көтерілістердің, әді­летсіздікке қарсы қақтығыс­тар­дың «ошағы» болған өңір тарихы­ның ақтаңдаққа айналған парақ­та­рын ашуға тырысқан азды-көпті шолу жасалды. Патша үкіметі кезіндегі алғашқы қоныс аударушы­ла­рын, Кеңес үкіметі жер аударған шешендер мен неміс ұлты өкілдерін, одан беріде тың игеру мақсатымен келген бұрынғы одақтас 15 елдің өкілдерін ұлық көріп қарсы алған, аштықта тілім нанын бөліп берген өңір. Дербісәлі, Сөгәлі, Қыз әулие­лер, Бекпан, Бисен хазіреттер аруа­ғын ұрпағы пір тұтқан, қасиет тұн­ған қорымдар бар.

Қобда жері әйгілі батыр бабала­ры­ның даңқын Ұлы Отан соғысы жыл­дарында да лайықты түрде жалғастырды. Қобда сол жылдары күллі кеңестік шығыстан шыққан екі батыр қыздың бірі Кеңес Ода­ғы­­ның батыры Әлия Молдағұлова бас­таған Кеңес Одағының 8 баты­ры­ның есімдерін мақтан етеді. Сол жылдары облыс орталығында құрыл­ған 312-атқыштар дивизиясы­ның және 101-ұлттық бригада жауын­­герлерінің қатарында, Мәс­кеу түбіндегі фашист басқын­шы­­ларына қарсы күресте қобда­лық­тар асқан ерліктің үлгісін көрсетті.

Қобда жұрты жасампаз еңбекте де тамаша үлгілер көрсетті. Ерен еңбектері еленгендердің қатарында Сағитов Нұршау, Әбішев Таңатар, Әбдіхалықов Дүйсенбай ағалары­мыз, Николай Шаповалов төстерін­де «Ленин» орденін жарқыратса, сұра­пыл соғыстан кейінгі бесжыл­дықта ауылшаруашылығын өркен­дету бағытындағы еңбектегі ерекше жетістіктері үшін Тәжіғұлов Мұқан, Ізтілеуов Мерген, Орынбаев Әжіға­ли сынды ақсақалдарымыз Социа­лис­тік Еңбек Ері атағына ие болды. Ауданның еңбек тарландары құр­мет­ті атақтармен, орден-медаль­дармен марапатталды. Ақ тарыдан өнім алуда шаруашылықты ерекше табысқа кенелткен Әсима Бек­те­но­ваны еңбек үлгісі деуге болады. Соны­мен қатар тың игеру жылдары таңның атысы, күннің батысы ой-қырға шапқылап, тынымсыз еңбек еткен басшылардың ұйымдастыру­шы­лық қабілеті табысты еңбектің көзі болды. Ауданның құрылған кезінен бастап әр жылдардағы бірін­ші басшылары Ф.Жмуцкий, А.Басенко, С.Набойченко, С.Үжке­нов, И.Өтеғұлов, В.Москов­чен­ко, М.Борисов, А.Фартуков, Б.Бика­шев­тердің заңғар жолын жалғас­ты­рып, тың игеру жылдары аудандық партия комитетінің алғашқы хатшысы болып аса құрметті азамат, халық арасында азаматтық пайым-парасаты, еңбек адамына деген кішіпейіл көңілмен, ықыласымен ерекше есте қалған, аудан халқын еселі еңбекке жұмылдыра білген Алтынбек Әкімжанов қызмет етті. 2018 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қолынан Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болған Құралай Бай­менова ауданымыздың Еңбек Ерлерінің қатарын толықтырды.

Әр жылдары ауданымызды бас­қар­ған алдыңғы толқын ағаларымыз ауданымызды бүгінгі дәрежеге жет­кізу жолында орасан зор еңбек сіңір­ді. Сол абзал азаматтардың жо­лын жалғастырып, аудан тарихы­ның шежіресін толықтыру бүгінгі ұрпақ – бізге жүктеліп отыр. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе! Алдыңғы аға буын салған жолды жалғастыру мақсатында, соңғы жылдары халықтың әл-ауқа­тын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Терісаққан, Бестау, Талдысай, Калиновка, И.Білтабанов атындағы ауылдарға ауызсу құбыры тартылып, 100 пәтер аудан тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, аудан орта­лығында заманауи үлгідегі дене шы­нықтыру-сауықтыру кешені, 320 орын­дық мектеп гимназиясы, мем­ле­кеттік жекеменшік әріптестік не­гізінде Бестау, Талдысай, Теріс­ақ­қан ауылдарында фельдшерлік-аку­шерлік пункттер салынды. Ауылдық елді мекендердің ең негізгі өзекті мәселелерінің бірі – жол мәселесі. Осы бағытта да бірқатар жұмыстар қолға алынып, шешімін табуда. Жирен­қопа – Первомайск шекара бекетіне дейінгі Шұбарқұдық –Ойыл – Қобда – Тұзтөбе бағытын­да­ғы облыстық маңызы бар жол күр­делі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар аудан орталығындағы А.Има­­нов, И.Тайманов, М.Колес­ни­ков, С.Сейфуллин, Ә.Молдағұлова, И.Құрманов атындағы ауылішілік 6 көше мен Бұлақ ауылына кіре беріс автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл­дық елді мекендерді газдан­дыру мақ­сатында Қобда–Бестамақ бағы­тын­дағы магистральдік тасымал­дау­шы газ құбырының құрылысы бас­та­лып, Егіндібұлақ, Бегалы, Калиновка, И.Білтабанов атындағы ауылдық елді мекендер газдан­ды­ры­луда. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» бағдарламасына сәйкес аудан көлемінде бірқатар жұмыстар қолға алынып, киелі өлкемізді мекен еткен ата-баба рухына тағзым ету, ұлы дала батырларының, тәуелсіздік үшін күрескен ерлердің есімдерін есте қалдыру, жас ұрпаққа үлгі етіп көрсету мақсатында, аудан орталы­ғында «Мәңгілік ел», «Отан Ана» саябақтары жасақталды. Қобылан­ды мен Алтай батырдың, И.Тай­манұ­­лы мен Ә.Молдағұлованың ескерт­кіштері орналастырылып, тарихи-танымдық скверлер жасақ­талды. Қазақстанның 100 сакралды орын­дары­ның тізіміне енген орта ғасыр­лардағы сәулет өнерінің озық үлгісі – «Абат Байтақ» кесенесі мен Жирен­қопа ауылын­дағы «Қобылан­ды батыр» кесенесіне күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізіліп, кесене жанынан қонақүй салынды. Ел тарихында ерекше сипатқа ие, Абат Байтақ, Қобыланды батыр кесене­лері мен соңғы жылдары бой кө­тер­­­ген батырларымыздың ескерт­­кіш­тері, мәдени мұралары даңқ­ты өлке­міздің мәртебе­сін артты­рып тұрғаны айдан анық.

Бүгінгі жаңғырған Қобда ауданы – ұрпақтар мен іскерлік сабақ­тас­тығы орын алған, түтіні түзу шыққан қасиетті мекен. Қобда – батырлар жері. Тарихи деректер Қоб­да­ның айбарын ай­шық­тап тұр. Осы 90 жыл ішін­де уақыт шең­бе­рінен үміт сәу­лесі үзіл­мей, сүр­леу жол­дарды ын­ты­­мақ­пен ең­сер­ген ау­дан жұрт­шы­лы­ғы­ның Қоб­­даның бү­гін­­­гі­дей сән-сал­­та­нат құ­рып, ру­хани да­­муы­­на сі­ңір­­­­­ген ең­бек­те­рі ұшан-теңіз. Онда­ған ұлт пен ұлыс ен­ші бөліспеген ағайынды адам­дардай бір шаңы­рақтың астын­да тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Бұл – ынтымағы жарасқан елдің бірлігінің айғағы.

Тұңғыш Прези­ден­ті­міз Н.Назарбаев «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала­сын­да «Жаңа тұр­пат­ты жаң­ғы­ру­дың ең басты шарты – ұлт­тық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атау­лы бұ­рын­­ғы­дай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс­түр­лерге шекеден қарамауы тиіс» деген болатын. Еліміздің тәуелсіздік таңын зор қуанышпен, ерекше серпі­ліс­пен қарсы алған қобдалық­тардың тарихи кезеңдер­дегі облыс жетістіктеріне қосып отырған үлесі де елеулі. Құт қонған Қобда ауданы – облысымыздың тұрақты дамып келе жатқан өңір­лері­нің бірі. Бүгінгі таңда Қобда ауданы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мал басын өсіру, егіс алқаптары мен суармалы жерлерді игеру, шағын және орта кәсіпкер­лікті дамыту, халық­тың әл-ауқатын жақ­сарту, тұрғындарды жұмыс­пен қамту мақсатында мем­ле­кеттік бағ­дар­ла­малар­ды жүзеге асы­рып, ауда­ны­мыздың әлеу­меттік-эко­но­ми­калық көр­сет­кіш­терін то­лық орын­дап отыр. Бүгінгі Қобда ауда­ны – берекесі тасы­ған, ынты­мағы жа­рас­қан киелі өңір. Алдағы уақыт­та да қобда­лық­тар ынты­мақ пен ауыз­бір­шілік танытып, кеңдік пен ке­мең­­­герлік, са­бырлық пен іскерлік көр­сетіп, ал­ға қойған асқақ мақ­сат­тарға абырой­мен қол жеткізу үшін аянбай еңбек етері анық. Ендеше адал еңбегі­мен ел құрметіне бөленген барлық қобдалықтарды ауданы­мыздың 90 жылдық мерейлі мерейтойымен шын ықыласыммен құттықтаймын. Алты Алашқа атағы жайылған Қобда ауданы қарыштап дами берсін! Тәуелсіздігіміз тұғыр­лы, бірлігіміз мәңгі, елдігіміз еңселі болсын!