Әскери сынақ тапсырды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №153

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қапшағай гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін, радиация­лық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді.

Әскери сынақ тапсырды

Басты мақсат – бөлімшелердің арнайы тапсырмаларды орындау қа­бі­летін тексеру.   

Толықтай жауынгерлік дайындықтан соң әскери бөлімше белгіленген а­удандарға марш жасап, ол жерде қойылған оқу-жауынгерлік тапсыр­ма­ларды орындады. Командирлер әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларда күт­пеген шешім қабылдап, тоқтатып, қайта жалғастырып, жауынгерлердің ше­берлігін сынады.

Тексеріс барысында жеке құрамның қару-жарақпен жаттығу жаса­уы­на, шалт іс-қимылына, нысананы дәл көздеген тәжірибесіне, жауын­герлік даярлық бойынша талаптарды нақтылауға ерекше назар аудар­ды.      

Нәтижесінде, Қорғаныс министрі жауынгерлер қашанда сақадай сай сап­та тұруы тиіс екенін айтты. Әскери шеберлікті шыңдауға нақты тап­сырмалар берді.