Тұрғындар Арысқа қайта оралды
Апта басындағы барша жұртты дүрліктірген Арыстағы апатты жағдайдың қаупі сейіліп, беті толықтай бері қарады. Қуанышты жағдай, Арыс қаласының тұрғындары қалаға кірді.
Жетісудың үздік тауарлары қандай?
Талдықорғандағы кәсіпкерлер палатасында  жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге сай, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрме­сі ұйымдастырылып, оның өңірлік кезеңіне 50-ден астам отандық тауар өндіру­ші қатысты. Көрмеде Жетісу жерінде өндірілетін тауар­лар мен көрсетілетін қызмет түрлері көпшілік назарына  ұсынылды.  Биыл­ғы көрме­нің басты ерек­шелігі –жаңа­дан ашылған кәсіпорындар мен жас кәсіпкерлердің көптеп қатысуы.
Жастардың бизнес қабілетін ашатын жоба
Шілденің 3 жұлдызы күні «Зерен-2019» Республикалық  жастарға білім беру жазғы лагері жұмысын бастайды. 1-ші және 2-кезеңге іріктеу аяқталды, қазір 3-кезеңге өтініш қабылданып жатыр, өтініш 30 маусымға дейін қабылданады.
Автопарк 136 автокөлікпен толықты
Аптаның алғашқы күні облыс басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мереке күнімен құттықтап, су жаңа жүрдек автокөліктердің кілттерін тапсырды. Қазынадан қарастырылған 1,1 миллиард теңгеге сатып алынған 136 қызметтік автокөліктің арқасында облыстық полиция департаментінің қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілуі 98,7 пайызға жетті.
Арыстағы апат: 20 пойыздың жолаушысы жолда қалмайды
Арыстағы апатқа байланысты пойыздардың жол жүру кестесі өзгереді.
Арыстықтарға көмектесейік, ағайын!
Бауырмал қазақ халқы осынау қиын сәтте бір кісідей жұмылып, мейірім мен бірліктің асқақ үлгісін көрсетіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің өзі арнайы ұшып келді.
Астаналықтар Арыс халқына көмек беру қосынын ашты
Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы гуманитарлық көмек беру қосынын ашты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  
Полиция департаментіне – 86 арнайы көлік
Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты. Тәртіп сақшыларында заманауи құрылғылармен жабдықталған 86 арнайы көлік табысталды.
Қапшағайдағы ерекше зауыт еліміздегі балық шаруашылығын жаңа сатыға көтереді
Бизнесмен Александр Щетининнің командасы балық өсіру ісін бекерден-бекер таңдаған жоқ. Үш жыл бойы әлемдегі бірқатар балық зауыттарының тәжірибесін зерделеп, ең тиімді деген тәсілдер мен балық түрлерін  таңдап алды. Ақыры Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Қазақстанда бірінші болып KazOrganicProduct ЖШС балық өсірудің толық кезеңін қамтитын органикалық балық өнеркәсібі кешенін іске қосты.  
Түркістанды түлетуге келген асаршы компаниялар марапатталды
Биыл түркістандықтар облыстың құрылғанына бір жыл толу мерекесін кең көлемде атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылы 19 маусымда Елбасының Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын бекітілген болатын. Осыған орай, өңірде ұйымдастырылған шаралардың бірі, «Есімхан» алаңында дүбірлі «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, түркістандықтарға үлкен көңіл күй тарту етті. Мерекелік шара сол өңірден шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен өтті.