Жамбыл облысының жолдарына катафоттар орналастыра бастады
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында замануи әдістерді қолдануға көшті.
Субсидия беремін деп пара алған атыраулық ұсталды
Атырау облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялауды беру бойынша оң шешім үшін шаруа қожалықтарының басшыларынан жүйелі  негізде пара алғанын мойындаған.
Талғарда тау-шаңғы туризмі дамиды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төраға­лы­ғымен өткен инвесторлар­мен кездесу барысында биыл жыл басына пайдалануға беріліп, жарты жылға жетер-жетпес уақыт аралығында тауда шаңғы спортымен шұғылданып, демалғанды жақсы көретіндер мен алыс-жақын шет мемле­кет­терден келген туристердің көңілінен шыққан Талғар ауда­нындағы «Ойқарағай – Лесная сказка» тау-шаңғы кешенін одан ары дамыту жоспары мен қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Сонымен бірге, жалпы Жетісу өңіріндегі көрікті және тарихи жерлерге апаратын жолдар мәселесі де талқыланды.
Мәдениет қызметкерлері марапатталды
Қарағанды облысында биыл алғаш рет облыстық бюджеттен мәдениет са­ла­сы мамандарына жоғары білім беруге мем­лекеттік тапсырыс берілді. Сонымен қатар жергілікті университеттер­де мәде­ниет және өнер маман­дарын даярлау мүмкіндігі талқыланып отыр.
Немістер Түркістанға назар аударды
Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі бастаған қонақтар Түркістан топырағына келді.
«Қызылағаш» су қоймасы қалпына келеді
Өзендер өрнектеген Жетісу өңірінде су қоймалары мен бөгеттері баршылық. Асау өзендерді ауыздықтау барысында пайда болған сол нысандарда миллиондаған текше метр су жиналып, шаруалардың егісі мен бақшалығын, жоңышқалығы мен шабындығын судан тарықтырмауға септігін тигізеді. Дегенмен осы су қоймалары мен бөгеттердің жауын-шашынды жылдары қауіп төндіретінін де естен шығара қоймаған жөн.
Өңірде бес жүзге жуық жоба жүзеге асырылады
Түркістан облысында отбасылық шаруа қожалықтарын көбейту мәселесі қолға алынбақ. Сондай-ақ, облыс аумағын дамыту, халқын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында бес жүзге жуық жоба жүзеге асырылады. Биыл қала сыртындағы 23 сауықтыру лагерінде оқушылар жазғы демалыстарын өткізетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды.
Ең ірі жылыжай салынатын болды
Еліміздегі жылыжайлар отанына айналған Түркістан облысында тағы бір ірі жылыжай салынатын болды. Атап айтқанда, жақын уақыттарда Келес ауданында 500 гекктарды құрайтын жылыжайда қызанақ, қияр өнімдері өндірілетін болады.
Jas túrkіstan марафоны балалар шығармашылығын шыңдады
«Бала – адамның бауыр еті» дейді дана халқымыз. Бүгінгі бала тәрбиесі, ұрпақ сабақтастығы тек ата-ананың ғана емес, тұтас мемлекеттің, барша адамзаттың басты мәселесі десек, қателеспейміз. Шыны керек, мемлекетіміз­де әрбір баланың білім алуы мен тәрбиесіне мүмкіндігін­ше жағдай жасалып отыр. Алайда бала тәрбиесі өзекті мәселе күйінде қалып тұр. Ал оны жан-жақты дамытуда толғандыратын дүниелер жетерлік. Қазір газет, кітап оқымай, керісінше, сананы улап, теріс тәрбие беретін олқылығы көп әлемжелі мен ғаламторға телмірген ұрпақ жетіліп келеді. Қоғамның басты проблемасы да тап осында болып тұрғаны ащы шындық. Сондықтан ұрпағының тәрбиесі мен санасын түзеуге ұмтылған елдер бұл мәселеге шындап кірісті. Осы тұрғыда Түркістан облысы ұрпақ тәрбиесінде маңызы бар жобаны қолға алып, балалар басылымдарына, балалар тәрбиесіне қатысты және жеткіншектер руханиятымен айналысып жүрген сала өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізді.
Шымкент жобалары талайды таңғалдырды
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов Ашхабадта өткен ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XIV форумына қатысты. Форум барысында Шымкент қаласы «Дос­тастық­тың мәдени астанасы – 2020» бағдарламасының тұсаукесері өтті.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 25 26 27 28 29 Келесі