Нұр-Сұлтан мен Алматының арасына 4 жолақты жол салынады
Нұр-Сұлтан мен Алматының арасындағы республикалық маңыздағы жолдар 4 жолақты, бірінші дәрежелі жолдарға айналады.
Жемқорлықтың тасқа біткен тамырын талқандасақ...
Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылданды. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде біздің елімізде әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен  ғана ерекшеленеді.
Жаңадан 93 мың гектар жер игеріледі
Павлодар облысында  93 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына жіберіледі. Бұл жөнінде облыс әкімі Болат Бақауов мәслихат депутаттарының алдында есеп беру кезінде мәлімдеді.
Басым бағыттар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс
Жетісу өңірі активінің бұл жолғы басқосуында Мемлекет басшысы атап көрсеткен дамудың басымдыққа ие бағыттарының облыста жүзеге асырылуы мен алдағы кездерге белгіленген межелері жайында сөз болды. Басты баяндаманы жасаған облыс басшысы еліміз бойынша жүргізілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының арқасында облыста 58 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, экономикадағы өңдеу секторының үлесі 20 пайызға дейін өсіп, өңірде алғаш рет өріс алған  фармацевтика саласы жанданғанын жайып салды.
Арыс: мыңнан астам үй жөнделді
Бүгінде Арысты қалыпқа келтіру бағытындағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қазіргі таңда қалада нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ 4362 үйдің құрылысы және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Сапалы электр желісі тартылды
Шымкент қаласында  электр энергиясымен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда Құрсай шағынауданындағы 1 816 тұтынушыға сапалы электр жарығы жеткізілген.
Кәсіптен үміті бар жастар Зерендіге жиналды
Қазақстанда «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші маусымы басталды. Жобаға Қазақстаннан басқа Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия және Қытай елдерінен 200 жас дарынды қатысушы жиналды. Олар тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өз жобаларын дайындап, ұсынатын болады.
Туристік автобус бағыты
Жамбыл өңірі – тарихи-мәдени құндылықтарға өте бай мекен. Бұған дейін көне жәдігерлер мен құрылыстардың маңызын ескерсек, оны аралаушылар есебінен ішкі туризмді дамытуға болатыны айтылып жүрген-ді. Осыған орай, және Жастар жылына байланысты облыс әкімдігі туризм басқармасының қолдауымен екі туристік автобус бағыты ашылды. Бұл – облыста бұрын соңды қолға алынбаған тың жоба.
Атыраудағы халықаралық автошеру
Солтүстік және Оңтүстік Кореяны қосқанда жеті елге баратын халықаралық «Зов предков – 2019»  автошеруі жексенбі күні Атырау қаласына аялдап,  Достық үйінде кездесу өткізді.
Тәуелсіздік түлеткен Теректі
Теректі – облыс орталығы Орал қаласына жақын аудандардың бірі. Иә, аудан орталығы Орал қаласынан 40-45 шақырымдай жерде болғанымен, Теректі халқының саны һәм жер аумағы жөнінен Батыс Қазақстан облысының ең ірі аудандарының бірі. Территориясы өзен-көлмен жомарт торланғандықтан орман-тоғайға, яки табиғи жасыл желекке бай Теректінің табиғаты әдемі екені кім-кімге де түсінікті болса керек.