Әлеуметтік желі арқылы 60-қа жуық мемлекеттік қызметті алуға болады

Бұдан былай мемлекеттік қызметті әлеуметтік желі арқылы алуға болады.

Әлеуметтік желі арқылы 60-қа жуық мемлекеттік қызметті алуға болады
Фото: Интернеттен алынды

Мысалы, Telegram-бот, Facebook, ВКонтакте месенджерлері арқылы 60-қа жуық қызмет түрін алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін жаңа жобаны іске қосты.

Атап айтқанда, корпорацияның Түркістан облыстық филиалы жаңа жобаны қолданысқа енгізді. Ұялы байланыс телефоны арқылы қажетті анықтаманы алу үшін алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелу керек.

Сосын ыңғайлы танымал әлеуметтік желілердің чат-боттары арқылы виртуалды кеңесшімен ақылдаса отырып, қажетті анықтаманы алады.

Бір күнде Telegram-бот арқылы 25 мемлекеттік қызмет түрі, Facebook-те - 15, «ВКонтакте» жүйесінде 19 қызметті алуға ыңғайлы.