Дүйсембинов шүйліккен «Бастау»

Газет мақаласы "Айқын" газеті №162

Үкімет отырысында сенатор Дана Нұржігіт «Даму» бағдарламасының несие беру үрдісіне сын айтты. Депутат Берік Дүйсембинов «Бастау» бағдарламасына «фейк» деп баға берді. Блогер Кирилл Павлов парақшасында «Бастаумен» нәтижеге жет­кендер, қайдасыңдар?» деп іздеу салды. Сол-ақ екен Facebook-те #Бастауфейкемес хештегімен жазба көбейді.

Дүйсембинов шүйліккен «Бастау»

«Мен депутат емеспін. Бірақ атамекендіктер, менің де сұра­ғым келеді. Шамамен 3 жыл өтті. Жаңа кәсіпкерлер қайда? Қанша жаңа жоба құрылды? Қазіргі және жаңа қосылған кәсіп­керлерде ілгерілеу бар ма? Ауыл­да жақсы нәтижелер бар ма?». Павловтың сұрауы жөн-ақ. Жұм­салған қаржы нәтижеге тең бо­луы шарт емес пе? Сосын осы уа­қытқа дейін төбе көрсете бер­мейтін «Бастаулықтарды» 18 қа­­заннан бастап Facebook-те жиі кездестірдік. Кейбірі хештегке қолдау білдіру үшін желіге тір­келгендей әсер қалдырды.

«Бастау» жобасы – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағ­дарламасының екінші бағыты. «Атамекен» ҰКП аясында жоба бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақ­стандықтарды тегін оқытады. Бұл, әсіресе, ауыл жастарына пай­далы. Ел халқының 47 па­йызы ауылда тұрады. Демек, ауыл экономикасын дамыту керек. Агроном, фермер, мал өсіру, жылыжай шаруашылығы немесе бау-бақша баптау, бал шаруашылығы сынды саланы жолға қою қажет. Сала дамуын қолға алсақ, ел экономикасы ауыл шаруашылығына иек арта алады.

Мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 88 мыңнан астам адам білім алған. Соның ішінде 23,7%-ы жеке кәсіп ашқан. 31,5 мың жұмыс орны құрылып, қатысушылар 35 млрд теңге жо­басын жүзеге асырған. Өндіріл­ген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 50 млрд теңгені құрапты. 620 млн теңге – «Бастау» түлек­терінің 2017 жылдан бастап 2019 жылдың І тоқсанына дейін төлеген салық түсімінің жалпы сомасы. Сондай-ақ ол мін айт­қан депутаттарға «Бастау» жайлы шынайы картинаны көргісі келсе, аймақтарға тікелей апа­рып, ашылған жобаларды көр­сетуге дайынбыз» деді.


Әлеуметтік желіде «серти­фикатты оқытпай-ақ бере сала­ды екен» дегендер де болды. Өз кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырғандар да баршылық. Жал­пы, «Бастаумен» білім алу үшін, алдымен тест тапсыру керек. Кәсіпкерлік әлеуетті айқындау үшін. Артынша, оқу мерзімі – 25 күн. Соңында 2 сертификат алуға болады. Бірі – бітіргені­ңізді, екіншісі – жобаны қорға­ғаныңызды білдіреді.

Жобамен кәсіп ашқандарды іздестіріп көрдік. Соның бірі – Күнсұлу Сафина. Ол Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұрғы­ны. «Бастау» жобасының 2-ле­гіне қатысқан. АШҚҚ-нан 1,5 млн теңге несие алып, тігін шебер­ханасын ашқан. Қыз жасауы, көрпе мен төсек жабдығын тігеді. Қазіргі таңда шеберхана тіккен заттар Ақтөбе қаласы мен аудан нарығына шықты.

Батыс Қазақстан тұрғыны Әсел Өтегенованы жоба жетек­шілері шақырған. «Жас кәсіп­кер» бағдарламасы арқылы биз­нес ашуға шақырту алған бола­тынмын. Бизнесті қолдау және дамыту Орал қаласы әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП-ның бірлескен жобасы шең­берінде мотива­циялық тре­нингке қатысып, грантқа жол­дама алып, қазіргі таңда жұмыс істеп жатырмын» дейді ол. Сон­дай-ақ жақында ғана көпбалалы ана Жаннат Ермек­баева да өз кәсібін ашты. 505 мың теңге несие алып, ше­бер­ханасына тігін машинасын сатып алған. Бүгінде тапсырыс қабылдауды бастапты.


«Бастау» жобасы – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағ­дарламасының екінші бағыты. «Атамекен» ҰКП аясында жоба бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақ­стандықтарды тегін оқытады.


«Атамекен» ҰКП мәліметі бойынша, 2018 жылы Қазақ­стан­ның 160 ауданы мен 40 қала­сынан 28 мыңнан астам жұ­мыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат оқытылған. Жалпы, «Бастауда» қатысу­шы­ларға шәкіртақы төленеді. Биз­нес-жоспарды әзірлеуден бас­тап, бизнесті жүргізуге көмек бе­руге дейін толық қолдау көрсе­тіледі.

Жоба бойынша оқуға 4 жыл ішінде 74 297 адам қатысқан. Оның ішінде 8 553 адам бизнес ашқан. 3 816 адам бизнесін ке­ңейтсе, 3 871 адам қаржылан­дыруға қол жеткізген. «Аға се­ньор­лар» жобасы бойынша 179 кәсіпкер шетелдік маман­дарды шақыру арқылы бизнес-процестерін дамытуға күш салған. «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша 133 кәсіпкер шетелде бизнес-тағылым­дама­дан өткен.

Сондай-ақ халыққа пайда­сы тиіп жүрген бағдарламаның бірі – «Жас кәсіпкер». Бұл – «Бастау» негізінде құрылған оқу жобасы. Оған 18-29 жас аралы­ғындағы жұмыссыз жастар қа­тыса алады. Сертификат алған соң түлектер жеке кәсіп ашуға грант немесе жеңілдікпен несие ала алады. Аталған жоба арқылы кәсіп ашып жатқан жастар бар. Жалпы, дамимын дегенге қолдау болмаса, тұсау жоқ.

Дегенмен таяқтың екі ұшы бар. Сенатор мен депутаттың алаңдап отырғаны жөн-ақ. Өйт­кені АӘК айналасындағы көз байлауды білеміз. Құжат дайын­дап, заң басқандарға, көршінің қорасындағы бұзауды әкелу сөз бе екен? Сондықтан баланың қо­лына тәтті ұстатпас бұрын зия­нын ескерткен тәрізді ха­лық­қа түсіндірген дұрыс-ақ. Ал­мақ­тың да салмағы барын біліп, ла­йықты тексеру жұмысы жүрсе дейміз.


Айбике ЖАНАСЫЛ