Газ тарату желілерінің құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тұңғыш Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында газ тарату желілерінің құрылысын бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов айтты.

Газ тарату желілерінің құрылысы басталды
© сурет ашық интернет көздерінен

«Газдандыру жұмысы екі бағытта жүзеге асады. Бірінші бағыт бойынша қалалық өндіріс және тұрғын алаптарын газдандыру желісі салынады, екіншісі – ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жылу орталықтарына газ беру»,–деді Е.Қизатов.

Әкім орынбасарының айтуынша, құрылыс жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. «Бірінші кезеңде, яғни 2019-2020 жылдар аралығында «Көктал-1», «Көктал-2», Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары мен Промышленный кентіне газ тартылады. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталатынына сенімдіміз»,– деді ол.

Ал, құрылыстың екінші кезеңі – 2020-2023 жылдар аралығында жүргізіледі. Соның аясында Интернациональный, Күйгенжар, Тельман тұрғын аудандары мен Пригородный, Garden Village, Famili Village қалашықтарына газ тартылады.

Үшінші кезең 2020-2023 жылы жүзеге асырылып, Ильинка, Шұбар, Өндіріс аудандарына газ құбыры тартылады.