Енді куәлік алу, некені тіркеу, ажырасу сияқты қызметті кез келген аймақта тіркей алады

Бұдан былай қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерде тіркей алады.

Енді куәлік алу, некені тіркеу, ажырасу сияқты қызметті кез келген аймақта тіркей алады
Фото: Интернеттен алынды

Бұдан былай қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерде тіркей алады.

Жаңа заңда туу туралы куәлік, некені тіркеу, ажырасу, аты-жөні мен тегін өзгерту, қайтыс болғаны жөніндегі құжаттарды тіркеу қызметтері қамтылған. Бұрын азаматтар  жоғарыда аталған құжаттарды алу үшін жергілікті тіркелген жеріне баратын. Енді азаматтық хал актілеріне қатысты 5 түрлі қызметті кез келген ХҚКО-дан немесе АХАТ-тан алуына болады.