Азартқа апаратын автобан

Келешекте Астана – Теміртау, Астана – Павлодар, Алматы – Қапшағай, Алматы – Хоргос автожолдарын ақылы ету жоспары бар. Елімізде тас жол құрылысына кететін шығын көп.

Азартқа апаратын автобан
Фото: Интернеттен алынды

Біздің қыс қатал, көктем мен күзде жауын-шашын жиі болады. Соның салдарынан жол тез бұзылады. Жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін талай қаржы жұмсалады. Осы қаржының орнын толтыру үшін елімізде ақылы жолдар пайда болды. Ақылы автомобиль жолы әлемнің бірталай елінде бар. Төлем жүйесі әр елде әртүрлі. Қазақстан да жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қаржыландырып, пайдаланудың сапасын жо­ғарылатуды ойластырып отыр. Жолдарды ақылы ету мақсатында 2015 жылы «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пай­далану туралы» заң қабылданған болатын. Заң бойынша жолдың бір бағыты үшін бекітілген арнайы төлем құны бар. Біздегі алғашқы ақылы жүйе Астана – Щучье бағытындағы тас­жолға енгізілді. Осы жол ал­ғашқы жылы миллиард теңге кө­лемінде пайда тапқан көрінеді. Биыл да ақылы жолдан түсетін кі­ріс артпаса, кемімейтін түрі бар. Мұның барлығына қарсылы­ғы­мыз жоқ. Алайда Астана – Щучье және Алматы – Қапшағай бағытындағы автожол қайда апа­рады? Негізінен елдегі казино мен ойын-сауық орындары осы екі қалада шоғырланған. Демек, құмар ойындарының қақпасы да, қазынасы да – осында. Шариғат адамға зиян келті­ретін ойындардың бәріне тыйым салған. Бұл туралы Пайғам­бары­мыз­дың бір хадисінде: «Кім өз до­сына: «Жүр, құмар ойын ой­найық» десе, садақа берсін» дейді. Кімде-кім жолдасына құмар ойнауға ұсыныс жасаса, ол адам өз күнәсі үшін садақа беріп қана құтыла алады екен. Құмар ойынды ойнау түгілі оған шақырудың өзі де харам екен. Құмар ойынға бір еліккен адам барлық жауапкершіліктен қашады. Ісінен, отбасынан бе­ре­ке кетеді. Ұтылыс тапқан азаматтар үйін, көлігін, тіпті әйелін бә­ске тігіп, тентіреп кетіп те жатыр. Тығырыққа тірелгендер кейде өз-өзіне қол жұмсауға, бір-бі­рін өлтіруге, отбасын ойрандап, ажы­расу әре­кеттеріне дейін барады. Осы­ның салдарынан ұрлық-қарлық, зорлық-зомбы­лық, қарызға белшеден бату тәрізді келең­­сіздіктер орын алып та жатыр. «Ақысын төледім» деп құйындатып жол жүретін, арты жол апатына ұшырататын қан­ша­ма оқиғаға куәгер болып та жа­тыр­мыз. Қалталы қазақтардың құмар ойынға үйір болғаны аз­дай, сол жерге барып, ұтысқа ке­нелем деп ыңыршағы айналған заман­дас­тарымыздың да қатары сиремей тұр. Құмар ойыннан құмары тарқаған адам сирек. Ақылы жолдар қайда апарады? Азартқа апаратын автобанда қайыр бар ма?!.