Түркістан жәрмеңкесі

Газет мақаласы Айқын газеті №86

1-2 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Түркістан жәрмеңкесі

Дәстүрге айналған бұл жәр­мең­­кеге Түркістан облысы­ның сексенге жуық ауыл шаруашы­лығы тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде жалпы құны 116 млн теңгені құрай­тын 365 тонна өнім болды. Оның ішінде ет өнімі – 81 тон­на, сүт өнімі – 29 тонна, көкө­ніс – 159 тон­на, кар­топ – 19 тон­на, жеміс-жидек 18 тон­на, балық – 5 тонна, бал – 2 тон­на, жұмырт­қа – 10 мың дана және басқа да өнім­дер.

Оған қоса, отандық өнімдер­дің баға­сы базар нарығынан 10-15 па­йыз­ға төмен сатылды. Оның үстіне, жәрмеңке Халықа­ра­лық балаларды қорғау күніне қатар кел­­ген­діктен, 16 жасқа дейінгі бала­ларға бал­мұздақ пен сүт өнім­дері тегін таратылды.

Бүгінде мемлекет тарапынан көр­­се­тіліп отырған ауқымды қол­дау­лар­дың нәтижесінде, Түркі­с­тан облы­сы агроөнеркәсіп кешені инно­ва­ция­лық-индус­трия­лық даму үстін­де. Әсіресе, өңір­де азық-түлік қауіп­сіздігін қам­та­масыз ету, өнім­ді­лікті есе­леп арттыруға басымдық беріп, инвестициялық жобалар қол­ға алынуда. Мәселен, ауыл шаруа­шы­лығы саласында алдыңғы қа­тар­­лы технологияларды қол­да­на отырып, 480 жобаны іске асыру жоспарлануда. Соның нәтиже­сін­де, 4 620 жұмыс орны ашылып, ха­лықты жұмыспен қамтуға бола­ды. Бүгінгі күні 150 жоба іске асқан.

Сондай-ақ «Түркістан облы­сы­ның әлеуметтік-экономикалық да­мы­тудың 2024 жылға дейінгі ке­шен­­ді жоспары» аясында алдымен ағын су тапшылығын жою бойынша төрт инвестиция­лық жоба қолға алын­бақшы. Мы­салы, «Кеңсай – Қос­қорған 2» су қоймасын салу, Арыс – Түркістан массивінде жа­рам­сыз қалған тік ұңғымаларды қай­та қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.