Қазақстанда тұңғыш рет 3D жаяу жүргінші жолағы пайда болды

Қазақстанда тұңғыш рет жаяу жүргіншілер жолы Шымкент қаласында пайда болды.  

Қазақстанда тұңғыш рет 3D жаяу жүргінші жолағы пайда болды
Фото: Интернеттен алынды

Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қазақстанда тұңғыш рет 3D жаяу жүргінші жолағын салу жобасын Шымкентте жүзеге асырды.


Корпорация төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, 3D жаяу жүргіншілер жолағы жол-көлік апатының азаюына септігін тигізеді.

– Шымкент – жол қозғалысы  өте тығыз, халқы көп қала. 3D жаяу жүргіншілер жолағы көлік жүргізушілерінің назарын өзіне еріксіз аударатын ерекше қосымша белгі болады. Мұндай тәжірибе Батыс елдерінде жол бойындағы қайғылы оқиғалар  санын азайтуға септігін тигізген. Сондықтан біздің елде де 3D жаяу жүргіншілер жолағының пайдасы көп, – деді Рашид Аюпов.


Үшінші мегаполистегі ерекше жолақ Төлеген Айбергенов көшесіне салынған.