Қорғас хабы – басты назарда

Газет мақаласы "Айқын" газеті №103

Қорғас көлік-логистикалық хабы қашан да басты назарда. Транзиттік теміржол және автомобиль, логистика, өңірдің индустриалды және туристік бағыты өте қарқынды дамуда. Соған орай көптеген мәселенің шешімін ұдайы тауып отыру талап етіледі.Қорғас көлік-логистикалық хабы қашан да басты назарда. Транзиттік теміржол және автомобиль, логистика, өңірдің индустриалды және туристік бағыты өте қарқынды дамуда. Соған орай көптеген мәселенің шешімін ұдайы тауып отыру талап етіледі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-нің нысандары және ағымдағы қызметімен танысты. Қорғас көліктік-логистикалық хабы нысандарында сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов болды. және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-нің нысандары және ағымдағы қызметімен танысты. Қорғас көліктік-логистикалық хабы нысандарында сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов болды.

Қорғас хабы – басты назарда

Ауданы 3 010 шаршы метр бо­латын «Қазпошта» АҚ-ның бонд­тық қоймасы қорғастық көліктік-логистикалық хабы аумағында ор­­наласқан. Ол авиажеткізілім мерзі­мін 2-3 күнге дейін, ал автокөлікпен жеткізуді 7-12 күнге дейін қысқар­туға, сонымен қатар пошта опера­торына әріптестер санын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ішінара Қаз­пошта инфрақұры­лы­мын пайда­лану туралы Clevy, OBORCloud Network Technology Co., Ltd және бірқатар басқа да қытайлық логис­тикалық компаниямен уағдалас­тықтарға қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда қытайлық әріп­тес­тер Қазақстан арқылы транзит­пен осы жылдың соңына дейін 400 тон­надан астам тауар жіберуге дайын. Ерекше атап өтілгені, қойма Қы­тай­дан Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдеріне бағытталған тран­зиттік жүктерді өңдеуге арнал­ған. Өндірістік қуаты орташа есеп­пен күніне 15-20 тоннаны құрайды, сы­йымдылығы – шамамен 58 тонна.

Қазіргі таңда трансқұрлықтық контейнерлік жүк ағыны үшін жаңа тартылыс орталығына Khorgos GateWay құрғақ порты айналып отыр. Өңделетін контейнерлер көлемі жыл сайын артуда. 2018 жылы 134 мың­нан астам ДФЭ (жиырма футтық экви­ва­лент) қайта тиелген, бұл 2017 жыл­­ға қарағанда 39% көп.

– Алғашқы жартыжылдықта 66,5 мың ДФЭ өңдедік. Жалпы ал­ған­да бір жылда контейнерлер тиеу­ді 21%-дан асыру жоспарлануда, – деді KTZE- Khorgos GateWay ЖШС бас директоры Ибрагим Манабаев.

Ахметжан Есімов елде кон­тейнерлік тасымал 47% арт­қанын жеткізді. Бұл ретте ол KTZ Express АҚ басқарма төрағасы Дмит­рий Абдуллаевқа қарата, биыл қанша жүк тиелу жоспарда тұрғанын сұ­рап, қызығушылық танытты. Және бұл көрсеткішті миллионға дейін жеткізу расында мүмкін бе деп сұрады.

KTZ Express басшысы биыл компания жоспары бойынша – 824 мың контейнер ДФЭ екенін жет­кізді. Бірақ осы көрсеткішті арттыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Таяуда Д.Абдуллаев Қытайға ұшып, сондағы әріптестермен 20-ға жуық кездесу және Чунсин, Чунду, Сиань провинцияларында келіссөздер өткізеді.

– Коммерциялық жұмыстар ұда­йы жүргізілуде. Теңіз бағдарлары бойынша да, Трансіб аумағы арқылы да жүк ағынын тартудамыз, – деді ол.

Делегация барған кезде құрғақ портта екінші контейнерлік құрам­ды қайта тиеудің жұмыстары жүріп жатты. Біріншісі бұл жерден бірнеше сағат бұрын Еуропа бағытында жө­нелтілген. Ал екіншісінің бағыты – Ақтау порты, оның құрамында Иран­ға кететін 40 контейнер болды. Бұл ретте аталған пойыздың «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­рының қолдауымен биыл сәуірде Бакуге бағытталған қазақстандық «Түркістан» кемесін пайдалана отырып, іске қосылған фидерлік желіге тікелей қатысы бар.

Бұрын контейнерлік жүктерді жинақ құраммен тиейтін, онда кас­пийлік портқа кететін 1-2 кон­тей­нер болды. Ал қазір жүктер шо­ғыры жасалуда. Мұндай пойыздар Қа­зақ­стан аумағы арқылы 1 200 км/тәулік жылдамдықпен жүреді. Ақтау теңіз портында 225 контейнерге есеп­телген фидерлік кемеге тиеледі, ол
2 то­лық құрамды пойыз тасымалын қамтамасыз етеді.

– Ақтау теңіз портындағы бұл желі тұрақты кестемен жұмыс іс­теуде. Бүгінгі пойыз сейсенбі күні Ақтауда болады, сәрсенбіде оны Каспий арқылы жеткізу орынына жөнелтеді. Сонымен бірге, Қорғасқа жақындаған кезекті пойыз Қытай аумағы арқылы жүреді, – деді Д.Абдуллаев.

Ақтау, Баку (Алят) порттары ара­сындағы фидерлік қатынас күн сайын айналымға шығып, сұранысы жоғарылауда. Екі ай ішінде фидерлік класты кемелермен 700-ден астам контейнер тасымалданған. Тек сәуір айының өзінде олардың саны 200 болды, ал маусымда Ақтау порты 500-ден астамын жөнелтті. Ақтау портындағы аталған логистикалық сервистің әлеуеті жылына 300 мың­нан астам контейнерді құрайды.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты, Ақтау теңіз пор­ты және Алтынкөл шекаралық стан­сасының логистикалық инфрақұ­рылымын пайдалану аталған бағдар мен өңірдің дамуында ең жоғары мультипликативтік тиімділікке ие болады.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық аймағында жа­қын күндері жалпы ауданы 25 мың шаршы метр KIF Warehouses ЖШС жаңа қойма кешені іске қосылады. Ол үшін ғимаратты дер кезінде тол­тыруды қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек.

– 2025 жылға дейін жалпы со­масы 421 млрд теңгенің 10 инвес­­тициялық жобасы жүзеге асырыл­мақ, – деді «Қорғас – Шығыс қақ­пасы» АЭА» АҚ бас директоры Мұрат Баймұханбетов.

«Нұрлы жол» қосынын қарау кезінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында автокөліктердің кедергісіз қолжетімдігін қамтама­сыз етуге көңіл бөлінді.

«Қорғас» ХШЫО» АҚ прези­денті Қаһарман Джазин «Қорғас» ХШЫО» АЭА басқару компаниясы мәртебесін алысымен Халықаралық орталықтың қазақстандық аума­ғында жұмыс істейтін компания­ларды тіркеу басталатынын айтты. Олардың бәрі көрсетілген жеңіл­дік­тер пакетін алады – ҚҚС, КТС -дан және жер мен мүлікке салықтардан толықтай босату.

– Біздің АЭА экономика үшін мультипликативтік тиімділік алуға есептелген. Қазақстандық тауар өндірушілердің, сонымен қатар ЕАЭО елдерінің Қытайға экспортын ынталандырамыз, – деді Қ.Джазин.

Жұмыс сапары барысында кө­лік­­тік-логистикалық хабтың келе­шек­тегі дамуы бойынша нақты тап­сыр­ма­лар берілді.

Ирина БЕКТИЯРОВА,

Қорғас