Қазақстан нарығына жаңа смартфон бренді шықты

Қазақстан нарығында HONOR смартфондарының ресми сатылымдары басталды.

Қазақстан нарығына жаңа смартфон бренді шықты

Бұл негізгі өндірушілер арасындағы бәсекелестікті күшейтеді. Қазақстандық тұтынушылар өнімдердің кеңейтілген линейкасына және HONOR смарфондарының ең соңғы модельдеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады. Тұтынушыларға қолдау көрсететін сервис орталықтары бүкіл елімізде қызмет көрсететін болады.

 «Біз Қазақстан аумағында HONOR смартфондарының ресми сатылымдарының басталғанына қуаныштымыз. Қазақстандық тұтынушылар соңғы инновацияларға ие жоғары технологиялық гаджеттерге кең ауқымды таңдау жасау мүмкіндігіне қол жеткізеді. Біз Қазақстанда танымал бренд болуға өте мүдделіміз. Әсіресе, жоғары сапамен қосарланған жарқын да тартымды дизайнды жоғары бағалайтын жастар арасында», – дейді Қазақстандағы HONOR Брендінің бас директоры Юан Денгке.

 Қазіргі таңда планета тұрғындарының 70-75% смартфондарды пайдаланады. 2018 жылы HONOR Ресей, Финляндия, Германия, Италия, Франция, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина және Чехия нарықтарында сатылым көшбасшыларының алғашқы бестігіне кірді. Осы жылы Қытайдан тыс жерде компанияның халықаралық сатылымдары 170%-ға артты. 2019 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша, бренд смартфондарды Ресейге жеткізуде бірінші орынға шықты. IDC компаниясының деректері бойынша, бірінші тоқсаннан кейін, HONOR-ың бірден үш смартфоны Ресей Федерациясында сатылымдардың ТОП-5-не енді. Көшбасшы HONOR 7A болса, оның артынан HONOR 10 Lite ілесті, бесінші орынды HONOR 8X иеленді. Бұл үш модель Қазақстан нарығына да шығарылады. Сондай-ақ тұтынушылар «Мечта», Sulpak және «Технодом» электроника дүкендерінің желісінен HONOR 8S, HONOR 9 Lite модельдері мен жаңа флагмандар - HONOR 20 және HONOR 20 PRO-ны таба алады. Смартфондардан бөлек, бренд қазақстандық нарыққа smartwacth сағаттары мен AM61 құлаққаптарын (наушниктер) да шығарады. 

HONOR брендінің басымдығы жоғары технологиялар мен стильдік дизайн болып табылады. Компания 74 307 патентке ие, олардың 90%-дан астамы – патенттелген авторлық бірегей әзірлемелер. 2016 жылы HONOR жасанды интеллектпен (ЖИ) жасақталған өзінің алғашқы смартфонын шығарды. HONOR-дың мобильдік құрылғылары ойындарды оңтайландырудың революциялық технологиясы - GPU Turbo-мен, ЖИ модулі бар үш камерамен және ЖИ бар 7 нм-процессорымен жасақталған, ал ол энергия тұтынуы азайтылған кезде өнімділігі арттырылған озық процессор. HONOR смартфонының топ модельдері 1/2 үлкейтілген өлшемдегі матрицаға ие, бұл жоғары ажыратымдылықты, фотосуреттердің тазалығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді. 9,1 көлемді дыбыстау технологиясы құлаққаптарға сапалы стерео дыбыс шығарады.  

  HONOR бренді туралы

 HONOR – смартфондардың жетекші брендтерінің бірі. Цифрлық заманның жас ұрпағына арналған HONOR инновациялық өнімдердің кең ауқымын ұсынады, олар шығармашылықтың жаңа көкжиектерін ашады және жастарға өз арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатарды бетке алған HONOR өз аудиториясын маңдай алды тәжірибемен қамтамасыз ету үшін  технология саласындағы батыл және озық идеяларды жүзеге асырады.