Қазақтың тағамын қалай танымал етеміз?

Газет мақаласы "Айқын" газеті №129

Өзге елге сапар шеккенде алдымен сол елдің мәдениетімен, өнерімен және көрікті жерлерімен танысасыз. Ал асқазаныңыз «сигнал» беріп, үш арсыздың біреуі мазалай бастағанда, бабы мен дәмін келтіріп ас әзірлейтін орын іздеп, ұлттық тағамынан дәм татқыңыз келетіні рас. Елімізге келген туристер де дәл осындай жағдайды бастан өткізеді. Бізде қазақ тағамдарын әзірлейтін дәмхана, мейрамхана көп деп айтуға келмейді. Сол санаулы мейрамханаларға өзімізден гөрі шетелдіктер көбірек бас сұғады екен.

Қазақтың тағамын қалай танымал етеміз?

Осыған алаңдаған отандық аспаздар еліміздің әр өңірін ара­лап, аймақтың асүйін, таны­мал өнімдерін зерттеп, жа­ңа тағам түрлерін ойлап та­буға кіріскен. «Ұлттық та­ғам­дарымызды қас­терлей отырып, заман көшіне ілесуі­міз керек» дейді олар. Тағам арқылы ту­ризм­ді де дамытуға болады.

– Ай сайын әр өңірдің, об­лыстың гастрономиялық туры өтеді. Мақсатымыз – түрлі өнім­нен, жеміс-жидектерден дәмі үйлесетін тағам әзірлеп, әлемдік деңгейге жеткізу. Баға­сы қолже­тімді. Мысалы, шұ­бат­­тан жасал­ған сорпамыз, балмұз­дағымыз бар. Аспазшы­лар­мыз әр өңірге барып, ол жақтың азық-түлігін, асүйін зерттейді. Бүгін батыс өңі­рінен жасалған тағам қонақ­тарға ұсынылып жатыр. Оралдан балық алдырдық, икрасымен.

Икраның қандай тағам түр­лерімен үйлесетінін көр­сеттік. Мәселен, қара икраны бауыр­сақ­пен жеуге болады. Дәмі жақсы үйлеседі.

Қазір аспаздың көбі италян, француз, еуропалық асханаға барып жатады. Қазақ асханасына келетін аспаздар аз. Қиын деп жатады. Қазақ­станда қазақ асха­насын дамыту өзекті мәселе. Осыған орай, түрлі шара өткізіп, заманауи тағам түрлерін ойлас­тыруда­мыз. Асханамызда жұмыс істеп жат­қан қызметкерлердің 80 пайы­зы – өзге ұлттар. Олар қа­­зақ­тың ұлттық тағамдары­ның дайындалу жолын, етті қалай бөліп асу керегін керемет мең­герген, – дейді Qazaq Gourmet мейрамханасының бас­­қарушы директоры Асхат Қожамқұлов.

Мейрамханада бас аспаз бо­лып қызмет атқарып жүрген Ар­тем Канцев әлем елдерін ара­лап, осы салада тәжірибе алма­сып жүр. «Бұл танымыңды ке­ңейтіп, көзқарасыңды өзгер­те­ді» дейді ол. Бас аспаз бүгінде шә­кірт даярлап жүргенін де жасыр­мады.

– Әрине, ұлттық тағамда­ры­­мыз алдыңғы орында, құр­мет­пен қараймыз. Қазір бәрі дамып жа­тыр. Ел дамып жат­қан­да, асүйді, тағам өндірі­сін де дамы­туы­мыз керек. Қа­зақ асхана­сын­да жұмыс істеп жат­қа­ныма – 5 жыл. Жал­пы, осы салада жүргеніме 20 жыл­ға жуықтады. Аспаздық өнерге деген қызығу­шы­­лығым бала кезден оянған болатын. Кіш­кен­­тайымнан атқа мініп, ауыл­да өстім. Қымыз ішіп, әже­мізбен даладағы ошаққа қуыр­дақ пісіретінбіз.

Қазақстанда көптеген ха­лықа­ралық шара өтеді. Шетел­дік­тер ұлттық тағамдары­мыз­дан дәм татуға асығады. Асүйі­міз клас­сикалық және зама­на­уи деп екіге бөлінеді. Біз Қа­зақ­­­станда ғана емес, әлем ел­де­­ріне гас­трөл­­­ге көп шы­ға­мыз. Жаңа дү­ние­­л­ермен танысамыз. Мы­са­лы, осы жолы Ресейге ба­­рып, қазақ таға­мын дәріптеп келдік. Турис­тік көрме аясын­да қазақ тағам­да­ры­ның жабық кешкі ас мәзірін ұйым­дастыр­дық. 50 адам шақы­рылған болатын, 70 адам келді. Бізді халық­а­ралық фут­бол чемпио­на­тына шақыр­ды. Санкт-Пе­тер­борда, Пекин­де бо­лып, қа­­зақ тағамдарын шетел­дік­тер­ге ұсындық, – дейді Артем Кан­цев.


Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ