«Сарыарқа» газ құбырының 63% аяқталды

Ұзындығы 1061,3 шақырым болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының желілік бөлігі үшін барлық қажетті құбырлық өнімдер жеткізілді, олардың 1050 шақырым немесе 98,9% дәнекерленген. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.  

«Сарыарқа» газ құбырының 63% аяқталды

Газ құбырының бұл бөлігі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының тұрғындарын және магистральдық газ құбыры бойындағы жақын елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру үшін «Самрұқ-Қазына» қоры және «Бәйтерек» холдингі акционерлерімен «АстанаГаз ҚМГ» компаниясы құрылды. 

2018 жылғы 27 тамызда Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияда қаржыландыру схемасы мен шарттары бекітілді.

Осылайша, Жобаның құрылысының жалпы құны - 267,3 млрд теңгені құрайды. Автоматтандырылған газ тарату станциялары жабдықтарының 80% жеткізілді және автоматтандырылған газ тарату станцияларын монтаждау жұмыстарының аяқталу деңгейі 63% құрайды,–делінген хабарламада.

Магистральдық газ құбыры Нұр-Сұлтан қаласына белгіленген мерзімде, яғни жылдың желтоқсан айында жеткізіледі. 

Табиғи газды отын ретінде пайдалану ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын азайтады, тұрғындарға жайлы өмір сүруге жағдай жасайды және жалпы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.