Күн электр стансасы салынады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №154

Еліміздегі ауа райы ыс­тық аймақтың бірі болып саналатын Шәуілдірде ар­тық шығынды талап ет­пей­тін электр тогы өнді­ріл­мек. Атап айтқанда, күн көзінен қуат алатын станса салынбақ.  

Күн электр стансасы салынады

Түркістан облысы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында салынатын күннен қуат алатын стансаның қуаттылығы 50 МВт құ­рай­ды деп жоспарлануда. Осы­ған орай, жобаның құжат­та­­масымен таныстырып, аукциондық сау­да-саттықты ұйымдастыруды түсін­діру мақсатында семинар өтті.

Түркістан облысының Энер­­­гетика және тұрғын үй-ком­­му­нал­дық шаруашылық бас­қа­рмасы ұйымдастырған іс-­ша­­ра­ның мақсаты – әлеуетті ин­­­­весторлар үшін заңнамалық тұрғы­да түсін­дір­ме жұмыстарын жүргізу. Ал­дағы уақытта осы кә­сіп­ті жүр­гі­зетін салым­шылар ара­­­сында ірік­теу өт­кізіліп, жеңім­паз­дары анық­та­ла­ды.

Семинарға Энергетика ми­нистр­лігі, БҰҰ ДБ сарапшы-ма­ман­дары, жергілікті атқарушы орган­дар, аудан, қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар, аймақтық электр желілері ком­па­ния­­ларының қызметкерлері мен ЮСАИД және Қытай, Франция, Италия, Польша мемлекеттерінің инвесторлары қатысты.

Жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін же­рін көріп, орналасуының ың­ғай­лығын таразылады.


Түркістан облысы