Жол қауіпсіздігі – басты назарда
Алматы құшағына екі миллионға жуық халықты еркін сыйғызып жатқан, қаржы айналымы елдегі ең үлкен ресурсты ортаны құрайтын аса ірі шаһар болғандықтан күнделікті мегаполиске ат басын тірейтін көліктердің де саны көп. Тәртіп сақшылары, әсіресе, ауыр жүк тиеген автокөліктерді жіті қадағалап, олардың автомобиль жолына зиян келтірмеуін, шамадан тыс жүк тиеп жол бойында қауіпті жағдай тудырмауын қатаң бақылайды.
Электр тогы қателікті кешірмейді
Энергетика министрлігі мен Қазақстан Электроэнергетикалық қауымдастығы ұйымдастыруымен Ақмола облысында тарату желілерін пайдалану бойынша жедел жөндеу қызметкерлері арасында жарыс өтті.
KPI зауытының құрылысы қарқын алды
Атырау облысында, дәлірек айтсақ, облыстағы еркін экономикалық аймақта интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Ұлттың саны сапаны көтереді
Мемлекет үшін маңызды мәселе – демографиялық ахуал. Себебі сол, қай мемлекеттің де дамуына, ең алдымен, халық саны әсер етеді. Кез келген елдің ішкі-сыртқы дамуы тікелей халық санының өсімімен байланысты. Сондықтан Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында демографиялық жағдайға ерекше көңіл бөліп келді.
Өңдеу өнеркәсібінің өркені кең
«Нұрлы жол» бағдарламасы отандық экспортты жарты триллион теңгеге арттырды. Бұл жайында Nur Otan фракциясы жанындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Индустриалды, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша комиссияның отырысында айтылды.
Қазақстан зығыр өндіруден дүниежүзінде – бірінші орында
Бүгін  Нұр-Сұлтанда Ауылшаруашылық министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Министрі Сапархан Омаров өткен жылда жасалған жұмыстар мен шешілген мәселелерді қорытындысын мәлімдеді.
Қазақстанда тұңғыш рет 3D жаяу жүргінші жолағы пайда болды
Қазақстанда тұңғыш рет жаяу жүргіншілер жолы Шымкент қаласында пайда болды.  
Бренд трендке тәуелді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен ақпарат және байланыс саласындағы ең өзекті мәселелерді қамтыған семинар өтті.
Өңірлерді дамыту жалғасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР  Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде өзінің сайлау­ал­ды платфор­масын жүзеге асыру жоспары жасалатынын, бұл орайда негізгі он бағытқа басым­дық берілетінін атап өтті. Біз бүгін өңір­лерді дамы­ту­дың жаңа бағдары деп аталатын жетінші бағыт туралы айтуды жөн көрдік.
Цифрландыру – болашаққа инвестиция
Былтырғы 2018 жылы Қазақстанда цифрландырудан келген жалпы экономикалық тиімділік 578 миллион долларды құрады. Бұл шамамен 217 миллиард теңгеге тең. Осындай ақпарат елордада өткен «IDC CIO Summit 2019» халықаралық конференциясында айтылды.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 8 9 10 11 12 13 Келесі