Қазақтың кең сахарасының тағы бір пұшпағын көрудің сәті түсті. Бұл жолы Сарыарқаның алтын тәжі Қарқаралыға бардық. Мұндай мүмкіндікті «Қазақмыс Барлау» компаниясы сыйлап, таңғажайып табиғатымен тамсандырған өңірді аралатып, сонымен қатар бұл аймақтан мыстың мол қорын іздеп жатқанын көрсетті. Жай ғана іздеп жатқан жоқ, жаңа технологиялардың көмегімен аз уақыттың ішінде барлау жұмыстарын қалай жүргізу керек екенін, бұл аралықта пайдалы қазбаның қаншалықты қоры барын анықтайтын тәсілдерін тамашалатты. Демек, туризмнің кілтін тапқан Қарқаралы өңірі, енді индустрияландырудың да жаңа жолын тапқан секілді.