Украинаға ай сайын 140 мың тонна көмір жеткіземіз

Қазақстан Украинаға айына 140 мың тонна көмір жеткізбек. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов осылай деп мәлімдеді.

Украинаға ай сайын 140 мың тонна көмір жеткіземіз

«Олқылық болды, бұған дейін толық жеткізе алмадық. Ал қазір толық жеткізгіміз келеді. Премьер-Министр барып, уағдаласты. Жылдамдататын боламыз. Қазір вагон болса болғаны. Бұл ең бастысы, тапсырыс береміз. Келіссөздер жүргізген тамыз айында айына 80 мың тонна деп жоспарлаған едік. Өкінішке орай іркіліс болды. Енді қарқынды күшейтіп, жоспарға жету ойымызда бар Жыл соңына дейін 140 мың тоннадан жеткізетін боламыз»,– деді комитет басшысы.

Қ.Байытовтың айтуынша, қазақстандық көмір Украинаның Кривой Рог қаласындағы Арселор Миталл зауытына жеткізіледі.