Қазақстанда Alibaba-ның желісі ашылуы мүмкін

Қазақстанда әлемдегі ең ірі Alibaba электронды сауда компаниясының желісі ашылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Қазақстанда Alibaba-ның желісі ашылуы мүмкін
© сурет ашық интернет көздерінен

«Біздің  министрліктің негізі бағыттарының бірі электронды сауданы дамыту. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Таяудағы Мәскеуге сапарым барысында Ресейдегі №1 желі –Wildberries-пен келісімге қол қойдық. Олар бізге, Қазақстанда  электронды сауданы дамытуға көмектеседі», – деді ол бүгінгі ведомствоның алқа отырысында. 

Сонымен қатар министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйектегі Қытайға сапары барысында  Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отырғандығын айтты. 

«Мемлекет басшысының таяу күндердегі Қытай халық Республикасына сапар аясында Alibaba жүйесімен танысу жоспарланып отыр. Ынтымақтастық және осы жерде меншікті желісін дамыту, электронды сауда жүйесінде отандық тауарларды ілгерілету мәселесін талқылаймыз», – деді Б.Сұлтанов.