Ақылы жолға 1000 теңге төлеп, 365 күн қалай жүруге болады?

Ақылы жолға 1000 теңге төлеп, 365 күн қалай жүруге болады?
Енді небәрі 1000 теңге төлеп, 365 күн ақылы жолмен жүре алады.

Бұл жеңілдік ақылы жолдар бойында орналасқан елдімекен тұрғындарға жасалмақ. Олар 1000 теңге төлеп, 365 күн тақтайдай тегіс жолмен жүре алады.

 Бұл туралы «ҚазАвтожол» АҚ «Ақылы автожолдар дирекциясы» филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бір жылдық абонементті  операторға жолығып, төлем қабылдау пунктінде жеке куәлік пен автокөліктің техникалық құжатын ұсынып, өтініш жазып, 1000 теңгеге төлем жасалады екен.