Газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

Елімізде газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов осылай деді.

Газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

– Бүгінгі күні өндірілетін ілеспе газ көлемін кәдеге асыру мұнай өндіруді арттыруға тежеу болып отырған фактор. Осыған орай газды қайта өңдейтін зауыт салу нұсқасы қаралып жатыр. Әзірше, болжаммен жылына 1 млрд текше метрлік өндірістік қуатты, дегенмен одан кейін еселей түсуге мүмкіндігі бар модульдік тұрғыда жасалатын нұсқасы қарастырылуда,– деді ол.

 

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселенің техникалық жағы қарастырылып жатыр. Егер шешім қабылданса, зауыт алдағы үш жылдың ішінде салынуы мүмкін.