ТҮРКІСТАН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛАДЫ
Түркістан қаласын суландыру мақсатында жарамсыз болып қалған 150 жуық тік ұңғымалар қайта қалпына келтірілмек. Сондай-ақ, Кентау қаласы аймағынан келетін каналдың бөлігін бетонмен қаптау арқылы мол мөлшерде ағын су үнемделеді. Түркістан магистральды каналын дариядан суға толтыру үшін 3 көтермелі насос қою және машиналық канал салу арқылы қосымша 80 млн. м3 ағын су жеткізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өткен «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» атты көшпелі жиынында айтылды.

Мамин «РЖД» төрағасын қабылдады
Асқар Мамин «РЖД» ААҚ бас директоры, басқарма төрағасы О. Белозеровпен кездесу өткізді.
Премьер Түркістандағы құрылысты күндіз-түні жүргізуді тапсырды
Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан қаласына арнайы сапармен келіп, құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандармен танысты. 17 нысанды аралаған ҚР Премьер-министр құрылыстарды белгігенген мерзімде аяқтау үшін тіптен тәулік бойы ауысыммен тоқтатпай жалғастыруды міндеттеді. Ол облыс орталығын суландыру жобасын қолдап, жол құрылысының қарқынын көрді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Түркістан қаласының 2019–2020 жылдарға арналған кешенді құрылыс және дамыту жоспарын іске асыру мәселелері жөнінде жиын өткізді.
Инвестиция тартудың игілікті бастамасы
А. Мамин АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО дипмиссиялары басшыларымен ҚР Үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жаңа тәсілдерін талқылады.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 45 46 47 48 49