Үкімет басшысы оңтүстік өңірді аралады
Премьер-министр Асқар Мамин оңтүстік өңірге іссапармен келіп, бірқатар нысандарды аралады.
7-20-25: Баспана алғысы келетіндердің 10 994 өтінішін мақұлдаған
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болғысы келетіндердің саны көбейген.
Басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды.
Биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспортталады
Қазақстан биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспорттайды. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов осылай деп мәлімдеді.
Газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін
Елімізде газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов осылай деді.
Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жарияланды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ауызсумен қамту мәселесіндегі проблемалар үшін Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады. Бұл туралы аймақтың баспасөз қызметі хабарлады.  
Заңсыз тауар тасымалы туралы семинар өтеді
Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылары!
Мемлекеттік қарыз: Қазақстанның қанша қарызы бар?
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 миллиард доллардан жоғары немесе 15 триллион теңгені құрайды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Індет малдан жұғады
Жуырда ақпарат көздерінде өңір тұрғындарының күйдіргі жұқтырғаны туралы ақпарат тарады. Ауруы анықталған науқастардың қазіргі денсаулық жағдайы қалай? Өңірде бұл дерттің эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайы мен бұл індеттің алдын алу бойынша қандай шаралар атқарылуда? Сонымен қатар қызылша мен қызамық ауруларына қарсы иммундау шаралары және менингококк инфекциясына байланысты қандай шаралар атқарылып жатыр? Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев төрағалық еткен облыстық штаб отырысында осы және өзге де мәселелер қаралды. Жиында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Надуев күйдіргі дертіне күдікті диагнозымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған екі науқастың қазіргі жай-күйіне тоқталды.
Бизнесте кедергі болмауы тиіс
Атырауда  «Бірыңғай есеп күні» өтті. Бақылау және қадағалау органдарының бизнес саласындағы жұмыстарының қорытындыларына арналған есептік кеңеске шағын және орта бизнес өкілдері мен салалық мемлекеттік құрылымдардың  өкілдері қатысты.  Бизнестің дамуына арналған кеңесте шағын және орта бизнестегі кедергілер мен мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудағы тәжірибелер айтылды.
Беттер: Бұрынғы 1 ... 3 4 5 6 7 ... 49 Келесі