Өзбекстанда Қазақстан күрішіне сұраныс артты

2019 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан 53,9 мың тонна күріш экспорттады, деп хабарлайды LS.

Өзбекстанда Қазақстан күрішіне сұраныс артты

Аталған өнімнің саудасынан түскен қаражат 15,5 млн долларды құраған. Күріш экспортының үлкен үлесі Өзбекстанға тиесілі, ол елге жиыны 22,9 мың тонна (6,9 млн доллар) өнім сатылған. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,7 есеге көп.

Тәжікстан 4,7 млн долларға 17,8 мың тонна күріш сатып алса, Ресейге – 7,7 мың тонна (1,8 млн доллар), Украинаға – 2,8 мың тонна (716,2 мың доллар), Түрікменстанға – 1,4 мың тонна (941,1 мың) экспортталған.

Сондай-ақ, биыл Қырғызстанға – 680 тонна, Ауғанстанға – 272 тонна, Моңғолияға –143,1 тонна, Әзербайжанға – 67 тонна дақыл жөнелтіліпті.