Негізгі капиталды қаржыландыру ұлғайды

2019 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында Қазақстанда негізгі капиталды қаржыландыру 9,7% өсіп, 8,6 трлн теңгені құрады.

Негізгі капиталды қаржыландыру ұлғайды
© сурет ашық интернет көздерінен

Статистика комитетінің дерегінше, негізгі бағыт меншікті қаражат (80,2%) есебінен түсіп отыр. Дегенмен, шығынның белгілі бір бөлігін (11,1%) республикалық және жергілікті бюджет жапқан. Бұдан бөлек, негізгі капиталдың 2%-ын банктердің несиесі құраса, 5,8% – өзге де займдар.

Егер, өңірлер бойынша қарастырсақ, меншікті қаражатты (3 трлн теңге) жұмсау бойынша Атырау облысы алдыға шыққан. Респбликалық бюджеттен көлемді қаржы Нұр-Сұлтан (64,3 млрд теңге) мен Павлодар облысына (59,9 млрд теңге) бөлінген. Жергілікті бюджетті ең көп пайдаланған өңірлер Атырау мен Алматы облыстары (55 млрд теңгенің үстінде).