Онлайн төлем оңай секілді

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 171

Бүгінде қолында төлем кар­точ­касы жоқ адам аз. Деректерге қа­расақ, соң­ғы жылдары ай­налыстағы төлем карточка­ла­ры­ның саны мен қолма-қол ақ­ша­сыз операциялар көлемі жо­­ғары қарқынмен өсуде. Қол­ма-қол ақшасыз төлем кар­точ­ка­ларын пай­далана отырып есеп айы­рысу 2 есе өсті. 1 қа­зан­­дағы жағ­­­дай бойынша, эмис­­­­сиялан­ған және та­ра­тыл­ған тө­лем кар­точкаларының са­ны 30,6 мил­лион болды. Бұл өт­­кен жыл­ғы көрсеткіштен 43 пайыз­ға жо­ғары. Демек, кейбір отандас­­та­рымыз­дың қал­та­сын­да бір емес, бірне­ше төлем кар­точ­касы бары анық.

Онлайн төлем оңай секілді

Оны күнделікті өмірде де байқап жүр­­міз. Ұлттық банктің Төлем жүйелері депар­таментінің директоры Ерлан Ашықбеков­тің айтуынша, осы жылдың 9 айында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, төлем карточкаларын пайдалана оты­рып, қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 2 еседен астам ұлғайып, 8,9 трил­лион теңгені құрады. Қолма-қол ақшасыз транзакциялардың не­гізгі үлесі банктің онлайн сервисі ар­қылы жүргізілді. Бүгінде онлайн сервисте 18 миллионға жуық пай­да­ланушы тіркелген. Оның 34 пайы­зы операцияларды тұрақты түр­де жүргізеді. Күн сайын онлайн сервис ар­қылы 21 миллиард тең­геден ас­там сомаға 1,3 миллионнан астам опера­циялар жүргізіледі.

Ал осы жылдың 9 айында элек­тронды ақша аудару жүйелері ар­қылы 443,5 мил­лиард теңге сомаға 117 миллион транзакция жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда жүргізілген операциялар саны 25 пайызға артты. «Бұл көрсет­кіштерге жеке тұлғалар арасындағы аударым операциялары және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің пайдасына тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кіреді» дейді Ерлан Ашықбеков.

Қазіргі таңда ел нарығында 22 элек­тронды ақша жүйесі жұмыс істейді. Олар­дың эмитенттері – 10 банк пен «Қазпошта». Биыл 5 жаңа электронды ақша жүйесі жұмыс істей бастады. Олар Senim, AlmaPay, Onay Pay, Onе Click және «ҚазЕвроМобайл». Электронды ақша интернет-коммерцияға, ком­муналдық қызметтерге, ұялы байла­нысқа, несиені өтеуге және тағы басқа да қа­жеттіліктерге ақы төлеу үшін пайда­ла­нылады.

Аталған ұйымдар VISA Inter­national, MasterCard Worldwide, UnionPay Inter­national, American Express International және Diners Club International халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шы­ғарып, таратумен айналысады. Бұдан басқа, Қазақстан банктері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Altyn Card, «Ситибанк Қазақстан» АҚ Ситибанк Қазақстан жергілікті кар­точкасын және Kaspi Bank АҚ Kaspi.kz жергілікті төлем карточ­каларын шығарады.

Ел аумағында қолма-қол жасал­майтын операциялардың негізгі үлесі POS-терминал арқылы жүр­гізіледі. Қазіргі таңда ең кең тара­ғаны америкалық төлем жүйесі. Әлемде мыңдаған банктер мен қар­жы ұйымдары осы төлем жүйе­сіне тәуелді. Тұрғындардың бан­комат карточкасына жалақы осы жүйе арқылы аударылады. Отан­дас­тарымыздың басым бөлігі Амери­каның Visa немесе Mastercard тран­сұлттық төлем жүйелерінің кар­точ­каларын пайдалануды жөн көреді. Өйткені бұл карточкалар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға өте қолайлы. Осы төлем құралдары арқылы қазақстандықтар жыл басы­нан бері 5,5 триллион теңге со­маға есеп айырысқан. Сандарға сүйен­сек, ең танымалы – Visa. Бұл тө­лем жүйе­сімен 4,2 триллион теңге ай­на­лымға енген. Ал Mastercard-қа 1,3 трил­лион теңге тиесілі.

ІТ технологияның өмірімізге етене енуі уақытты үнемдеуге, ха­лық­қа қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізуде. Мәселен, электронды ақша күннен-күнге танымал болып барады. Интернет-банкинг картаға тапсырыс беруге, балансты тексеруге, банкомат карточкаңызда қанша ақша бар екенін анықтауға, тағы да басқа қыз­меттерді үйден шықпай-ақ білуге мүм­кіндік береді. Қазіргідей уақыт ал­тынмен тең кезде бұл өте тиімді тәсіл.

Қолма-қол ақшасыз есеп айы­рысуға әлемнің барлық елі ынталы. Дегенмен бұл жағынан біреуі ілгері, екіншісі кейін келеді. Скандинавия елдері электронды қызмет көр­сету­дің өте жедел қарқынмен дамып келе жатқанына нақты үлгі бола алады. Финляндия, Норвегия және Швецияда банктік қызметті интернет алмастырғалы біраз болды. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұ­рын алдағы уақытта Швецияда банк бөлім­шелері жұмысын тоқтатуы мүмкін екені айтылған. Ал тұрғындар қолма-қол есеп айырысуды жыл­дан-жылға азай­тып келеді. Олар онлайн төлемге әлде­қа­шан көшіп кеткен. Осыдан бірнеше жыл бұ­рын-ақ интернетті пайдалану 98 пайызға жеткен. Бұл – Еуропа елдерінің ішіндегі ең жоғары көр­сеткіш. Мәселен, Швецияның қолма-қол ақшасыз қоғамға келе жатқаны таңғалдырмайды. Шведтердің 60 жасқа дейінгілерінің көбі бүгінде банк бөлімшелеріне бас сұқпайды. Ал 30-ға дейінгілер онда бірде-бір рет болып көрмеген. Жас ұрпақ банк бөлімшелеріне барып, табан тоздырып жүргеннен онлайн қызметті пайдаланғанды жөн көреді.

Осылайша, қолма-қол ақшасыз тө­лем қағаз ақшаны нарықтан бірте-бір­те ығыстырып келеді. Норвегияда бірқатар банктер қолға ақша бермеуге көшкелі біраз болды. Швецияда 2016 жылдың өзінде қолма-қол ақ­ша төлемі бүкіл опера­циясының 1 пайы­зын ғана құрағаны бұған нақты дәлел. Дания 2030 жылы тұтас қолма-қол ақшасыз төлемге көшуді жоспарлап отыр.

Төлем карталарын пайдалану бойын­ша статистиканы бірнеше қырынан са­лыстырып қарауға тура келеді. Мәселен, Қытайдың Union Pay төлем жүйесі Қытай мен Азиядағы барлық төлем карталарын басып озды. Дегенмен әзірге Mastercard пен Visa танымалдық жағынан өз­ге­лерді маңына жолатар емес. Бұл карталарды әлемнің 200 елінен ас­тамы пайдаланса, Union Pay төлем жүйесін тек 168 ел қолданып отыр.

Кез келген банк карточкасы опе­рациясы төлем жүйесі арқылы іске асады. Олар халықаралық және жергілікті болады. Халықаралық төлем картасын әлемнің кез келген елінде пайдалана алады. Ал жергілікті картаны тек бір ел немесе көршілес бірнеше ел пайдалануы мүмкін.

Қалай дегенмен де Қазақстан әлемдік өркениеттен, дамудан қа­л­ып қоймауы тиіс. Қолма-қол ақ­шасыз төлем жүйесін енгізу де со­ның бір саласы. Бұл жөнінде Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған тұңғыш «Сындарлы қо­ғам­дық диалог – Қазақстанның тұ­ра­қ­тылығы мен өркен­деуінің не­гізі» Жолдауында айтты. Ол өз Жол­дауында «Қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін жаппай енгізу керек. Бұл үшін тежеуші фактордың бірі саналатын банктердің жоғары үсте­ме алымын жою қажет. Сондай-ақ тиісті реттеу ережелеріне сәйкес банк­тік емес төлем жүйесін бел­сен­ді дамыту керек. Бұл сегмент қара­пайым әрі тартымды болғанымен, ақша жымқырудың және елімізден капитал шығарудың кө­зіне айнал­мауы тиіс. Ұлттық банк осы салаға нақты бақылау орнатуы қажет» деп тапсырған болатын. Қазір екі­нің бірі пайдаланып жүрген карта ұялы телефон бойынша интер­неттегі операциялар саны жедел қарқынмен өсіп келеді. Мәселен, осы жылдың наурыз айында өткен жылдың сәй­кес мерзімімен салыстырғанда 3 есе, ал 2017 жылмен салыстырғанда 7 есе өскен. Демек, алдағы уақытта қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі өмірімізге етене ене түспек.